Емізуді тамамдағысы келген кісі үшін; аналар, балаларын толық екі жыл емізеді. Ананың тиісті көрегі мен киімі, баланың әкесіне міндет. Әркімге шамасы келетін ғана жүктеледі. Ана, баласы арқылы әрі әке де баласы үшін зиянға ұшратылмайды. Сондай-ақ мұрагерге де сол сияқты. (Бала емізушінің тиісті хақысы төленеді.) Егер әке -шеше ризалықпен кеңесіп, (омыраудан) айыруды қаласа, сонда екеуіне де күнә жоқ. Ал егер балаларыңды (Бөгде әйелге) емізгілерің келсе, хақысын жақсылап тапсырсаңдар, сендерге күнә жоқ. Алладан қорқыңдар да біліңдер! Расында Алла істегендеріңді толық көруші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аналар өз балаларын толық екі жыл емізеді. Емізуді ақырына жеткізуді қалағандар үшін / мерзім осы /. Ал, оларды құпталғандай азықтандыру және киіндіру перзентті болғанның / әкесінің / міндеті. Әрбір жанға оның мүмкіндігінен артығы жүктелмейді. Баласы себепті анаға әрі баласы себепті әкеге де зиян тигізуге болмайды. Сондай-ақ мұрагерге де / бала мен анасын асырауға / сол секілді міндет жүктеледі. Егер / ата-ана / өзара келісіп әрі кеңескеннен кейін, / баланы емізуден / айыруды қаласа, екеуіне де күнә емес. Ал, егер балаларыңды / бөгде әйелге / еміздіруді қаласаңдар, ақысын құпталғанға сай тиісінше берсеңдер, сендерге күнә емес. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және Аллаһтың не істеп жатқандарыңды Көруші екенін біліңдер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي