Сендерден қайтыс болып (артында) қалдырған әйелдердің өздері; төрт ай он күн (ғыддат) күтеді. Әрқашан олардың белгілі ғыддаты бітсе, олардың өздеріңе байланысты істеген істерің (үйлену үшін киініп, түзелуінің) сендерге жауапкерлігі жоқ. Алла не істегендеріңнен толық хабар алушы.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сендерден біреу қайтыс болып, артында әйелдерін қалдырса, олар төрт ай он күн / идда мерзімін / күтеді. Қашан оларға көрсетілген мерзім аяқталса, олардың өздеріне қатысты құпталғанға сай істеген істері үшін сендерге күнә болмайды. Аллаһ - сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي