(Бүкіл тәпсірлер бойынша «Ғамалқа» деген ел, Израил ұрпақтарына басқаншылық жасап, жерлерінен айдап шығарып, ата мұралары, діни кітаптары қойылған Сандықтарын тартып алып кетеді. Ал сол Ғамалқаның ұрпақтарынан Жалұт деген патшаның заманында, Израил ұрпақтары өз пайғамбарларына: «Бізге бір патша сайлап бер, оның қол астында соғысамыз» дейді.) (Мұхаммед Ғ.С.)Мұса (Ғ.С.) дан кейінгі Израил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Алла жолында соғысамыз» десті. Пайғамбар: «Мүбада сендерге соғыс парыз қылынса да соғыспасаңдар?!»,- деді. Олар: «Бізге Алла жолында соғыспайтын не болды? Расында жұрттарымыздан, бала- шағаларымыздан шығарылдық» десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аздарынан басқасы бас тартты. Алла залымдарды біледі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Мұсадан кейінгі Исраил ұрпақтарының беделділері жайлы білмедің бе? Кезінде олар өздерінің пайғамбарына: «Бізге бір патша жібер, Аллаһ жолында соғысайық», - деді. Ол / пайғамбар / :«Сендерге егер соғыс парыз етілсе, соғыспай қалатын шығарсыңдар?» - деді. Олар: «Ақиқатында, үйлерімізден шығарылып, балаларымыздан айырыла тұрып, бізге Аллаһ жолында соғыспайтындай не болды?» - деді. Алайда, оларға соғыс парыз етілген кезде, аз бөлігінен басқасы бас тартты. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي