Сонда Талұт әскерлерімен айрылған сәтте: «Расында Алла сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, менен емес. Және кім одан татпаса, әрине ол менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе басқа» деді. Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті. Сонымен Талұт және онымен бірге иман келтіргендер, өзеннен өткен шақта: « бізде Жалұт және оның ләшкерлеріне төтеп берер күш жоқ» деді. Сондай олардың анық Аллаға жолығуды ойлағандары: «Алланың қолдауымен қанша аз топ, көп топты жеңген. Алла сабырлармен бірге» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сонда Талұт әскерімен / соғысқа / шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол - менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол - менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан / өзеннен / өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне / қарсы соғысар / күш, қауқарымыз жоқ», - деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір / саны / аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ - сабырлылармен бірге», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي