(Мұғаммед Ғ.С.) иман келтіріп, ізгі іс істегеңдерді қуандыр! Расында олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннеттер бар. Әрқашан оларға оның жемісінен бір ризық берілсе, олар: «Осы бізге бұрын да беріліп еді» дейді. Тағы оның ұқсасы келтіріледі. Әрі олар үшін онда тап- таза жұбайлар да бар. Олар онда мәңгі қалады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді», - дейді. Оларға / Жәннатта / оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي