Алла (Т.) иман келтіргендердің досы. Оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады. Ал қарсы болғандардың достары шайтан, оларды жарықтан қараңғылықтарға шығарады. Міне солар тозақтық. Олар, онда мәңгі қалады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ - иманға келгендердің Қамқоршысы, оларды қараңғылықтардан нұрға шығарады. Ал, күпірлік етушілердің / имансыздардың / достары - тағут, оларды нұрдан қараңғылықтарға шығарады. Міне, солар - Отқа / тозаққа / түсетіндер. Олар - онда мәңгі қалушылар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي