Сондай өсім жегендер, (қабырларынан) жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады. Бұп олардың: "Сауда да бейне өсім" дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне солар тозақтық. Олар онда мәнгі қалады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Өсім жейтіндер / қияметте / шайтан тиіп құтырған біреу секілді тұрады. Бұл олардың: «Сауда да өсім сияқты», - деп айтқандықтары себебінен. Аллаһ саудаға рұқсат етіп, өсімге тыйым салды. Кімге Раббысынан ескерту жетіп, ол / өсім алудан / тыйылса, оған бұрынғы істегендері / кешірім етіледі /. Ал, ісі - Аллаһқа тән. Ал кім / өсімге / қайтса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي