Алла (Т.) кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді; істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!»
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді. Істеп тапқаны / жақсылығы / оған, ал өзі үшін істеп тапқаны / жамандығы / - оның өзіне қарсы болады. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не қателессек, бізді жазаға тарта көрме. Раббымыз! Бізге бізден алдыңғыларға / ілгергі үмметтерге / артқаныңдай ауырлық артпа. Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме! Әрі бізді жазалама және бізді кешір және бізге рақым ет. Сен - біздің Иемізсің! Бізге кәпір адамдарға қарсы көмек бер!»
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي