Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар. Және де аяттарымды аз ғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғана қорқыңдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі өздеріңдегінің / Тәураттың / шындығын дәлелдеуші етіп, Мен түсіргенге / Құранға / сеніңдер әрі оған күпірлік етушілердің / мойындамаушылардың / алдыңғыларынан болмаңдар. Аяттарымды түкке тұрғысыз бағаға сатпаңдар және тек Менен қорқып, сақтаныңдар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي