Және содан кейін де жүректерің қатайып, тастай немесе тағы қаттырақ болды. Өйткені тастар жарылып, одан өзендер ағады. Әрі кей тастар қақ бөлініп, одан су шығады. Әрине кей тастар Алладан қорқып, құлайды. Алла істегендеріңнен ғапыл емес.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Содан кейін де жүректерің қатайды. Олар тас секілді немесе одан да қатты. Шын мәнінде, бір тастар бар, олардан бұлақтар жарып шығады. Кейбірі қақ бөлініп, одан су шығады. Әрі ақиқатында, ол тастардың кейбірі Аллаһтанқорыққанынан құлайды. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي