Содан кейін өздеріңді өлтіресіңдер, бір бөлімдеріңді жұрттарыңнан шығарасыңдар әрі оларға қарсы жауыздық, дұшпандыққа өзара көмектесесіңдер. Егер олар сендерге тұтқын болып келсе, оларға бодау беріп құтқарасыңдар. Негізінен сендерге оларды жұрттарынан шығаруға тыйым салынған. (Алла, олардан бір-бірін өлтірмеске, жұрттарынан шығармасқа, қастандық істемеске, тұтқынға түссе, төлеу беріп құтқаруға уәде алады. Бірақ олар соңғысын ғана орындамақшы болады.) Сендер Кітаптың кейіне сеніп, кейіне қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім мұндай істесе, әрине олардың жазасы дүние тіршілінде қорлық әрі қиямет күнінде қатты қинауға қайтарылады (салынады). Және Алла (Т.) істеген істеріңнен ғапыл емес.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Содан соң да сендер өздеріңді / бір-біріңді / өлтірудесіндер, өздеріңнен бір бөлікті қоныстарыңнан шығарудасындар, оларға қарсы бір-біріңе күнә және дұшпандықтакөмектесесіңдер. Олар / діндестерің / сендерге тұтқын болып келсе, оларға төлем беріп құтқарудасыңдар.Ал, негізінде, сендерге оларды қоныстарынан шығаруға тыйым салынған / болатын /. Сонда сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, ал басқа бөлігіне күпірлік етесіңдер ме / қарсы келесіңдер ме / ? Сендерден осыны істегендерге бұл өмірде қорлықтан басқа қайтарым жоқ. Ал, Қайта тірілу күні олар азаптың ең ауырына ұшыратылады. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي