Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік те, одан кейін пайғамбарларды жалғасыт түрде жібердік. Және мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға да мұғжизалар беріп, Жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Әрқашан сендерге бір пайғамбар көңілдерің қаламаған нәрсе келтірсе, тәкаппарланасындар. Олардың бір бөлімін (Ғиса, Мұса Ғ.С. ды) жасынға шығарып, (Зәкерия, Яхя Ғ.С.) бір бөлімін өлтірдіңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / бердік және оның соңынан пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Мәриям ұлы Исаға да анық белгілер беріп, оны Рухул құддуспен / Жәбірейіл періштемен / қуаттадық. Сендерге бір Елші көңілдерің қаламағанды әкелген сайын, тәкаппарланып, өздеріңді жоғары санамадыңдар ма? Сөйтіп / елшілердің / бір бөлігін өтірікке шығардыңдар да бір бөлігін өлтірдіңдер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي