Зәкерия (Ғ.С.) хұжырада намаз оқып тұрғанда, періштелер оған: «Расында Алла (Т.) саған, Алладан болған әмірді (Ғиса Ғ.С.ды) растаушы, ел ағасы, нәпсіне ие, игілерден бір Пайғамбар болатын Яхьямен қуанышқа бөлейді» деп дауыстады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ол михрабта / құлшылық орнында / намаз оқып тұрған кезде, періштелер: «Аллаһ сені Аллаһтың сөзін растаушы, ел ағасы, ұстамды әрі ізгілер қатарында пайғамбар болатын Яхиямен сүйіншілейді», - деп үн қатты.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي