(Рауаят бойынша, бір жұма қараңғылық басып, құйған сел перғауындықтардың үйлеріне толады. Олардың жалбарынулары бойыншаа Мұса (Ғ.С.) ның тілегімен, күн ашылып, мол өсімдік шығады. Сонда да иман келтірмегендктерінен шегіртке, бит, сонсоң бақа қаптап, одан кейін сулары қанға айналады.) Оларға азап келген кезде: «Әй Мұса! Раббыңа, саған берген уәдесі бойынша жалбарын. Егер бізден азабын айықтырсаң, әрине саған сенеміз де Израил ұрпақтарын сенімен бірге қоя береміз» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар өздеріне азап түскен кезде: «Ей,' Мұса! Өзіңе берген уәдесі бойынша, Раббыңнан біз үшін тіле. Егер бізден азапты кетірсең, саған сенеміз және Исраил ұрпақтарын сенімен бірге жібереміз», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي