Олар оның нәтижесін (бастарына келетінін) ғана күтеді. Оның нәтижесі келген күні, оны ұмытып жүргендер: “Раббымыздың елшілері шындықты әкелген еді. Енді бізді қолдаушы бар ма? Немесе дүниеге қайтарыламыз ба? Сонда бұрыңғы істегенімізден басқаны істер едік” дейді. Расында олар өздеріне кесір істеді. Сондай-ақ олардың жасанды тәңірлері адасып жоқ болды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар оның орындалуын ғана күте ме? Ол орындалған күні, оны бұрын ұмытқандар: «Раббымыздың елшілері ақиқатпен келді. Біз үшін бір ара түсуші / шапағат етуші / бар ма екен, бізге ара түссе / шапағат етсе! еді, не Дүниеге кері қайтарылсақ еді, сонда істеп өткенімізден басқа амал істейтін едік», - дейді. Олар өздеріне зиян келтірді және ойдан шығарғандары олардан ұшты-күйлі жоқ болды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي