Сонда олар, егер сендер сенген сияқты сенсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар, мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да алла сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Алла, (Т.) естуші, әр нәрсені білуші. (Христиандар, туған балаларын бір сары суға шомылдырып «тазарды» дейді. Алланың жаратқан өңі жақсы. Жасама түс не керек?
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Егер олар сендер сенгенге сенсе, онда әлбетте тура жолды табады. Ал, егер теріс айналса, онда олар қарама-қайшылықта. Аллаһ Сені олардан құтқарады. Ол - барлық нәрсені Естуші, бәрін Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي