Немесе сендер: «Ыбырайым, Ысмайыл, Ысқақ, Яғқұп және ұрпақтары: Яһуди не Христиан еді» дейсіңдер ме? (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендер жақсы білесіңдер ме? Алла жақсы біле ме?»,- де. Жанындағы Алланың куәлігін (Алла білдіргенді) жасырғаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла (Т.) істегендеріңнен ғапыл емес.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әлде сендер: «Ибраһим, Исмаъил, Исхақ, Йаъқуб және / оның / ұрпақтары иудей немесе христиан болған еді»,- дейсіңдер ме? Айт: «Сендер жақсы білесіңдер ме, әлде Аллаһ па?» - деп. Аллаһтан берілген куәлікті, өзінде жасырғаннан өткен әділетсіз біреу бар ма? Аллаһ істеп жатқан амалдарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي