Осылайша сендерді (артық, кемсіз)орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыблаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейірімді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз сендерді адамдарға куә болуларың және Елшінің сендерге куә болуы үшін осылай, орта / орта аралықты ұстанатын / бір үммет қылдық. Елшіге еретіндерді теріс бұрылып кететіндерден айырып білу үшінғана, сен ұстанған қыбланы белгілеген едік. Аллаһ тура жолға салғаннан басқаларға / қыбланың ауысуы / өте ауыр болды. Аллаһ имандарыңды зая кетірмейді. Шын мәнінде, Аллаһ - адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي