Әйелін талақ қылдым дегеннен кейін ғыддаты толмай тұрып, екі рет сөзінен қайтуына болады. Бұны «Ражғи» талақ деп атайды. Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар да олардың ғыддаты жетсе, сонда оларды туралықпен ұстаңдар немесе оларды дұрыстықпен біржола ажыратыңдар. Оларды зиян салып қанау үшін ұстамаңдар. Кім осыны істесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады. Алланың аяттарын мазақ қылмаңдар және Алланың өздеріңе берген нығметін әрі сендерді насиқаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті (Құранды, сүннетті) түсініңдер. Сондай-ақ Алладан қорқындар да күдіксіз Алланың әр нәрсені толық білетіндігін біліңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ал, егер әйелдерге талақ беріп, иддасы / талақтан кейінгі күту мерзімі / жетсе, оларды құпталғанға сай ұстаңдар немесе оларды құпталғанға сай жіберіңдер. Оларға әділетсіздік ету үшін зиян тигізіп ұстамаңдар. Кім бұлай істесе, ол өзіне-өзі әділетсіздік жасаған болады. Аллаһтың аяттарын күлкіге айналдырмаңдар. Аллаһтың өздеріңе берген игілігін әрі Кітаптан және даналықтан сендерге насихат етіп, түсіргенін естерінде ұстандар. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екенін біліндер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي