Сол уақытты естеріңе алыңдар! "Әй Мұса! Бір-ақ түрлі тамаққа (Мәнна, Сәлуаға) сабыр ете алмаймыз, Біз үшін Раббыңа жалбарын, бізге жерден өсетін, көк өнісінен қиярынан, бидайынан, бүршағынан және сарымсағынан шығарсын " дедіңдер. Мұса (Ғ.С.):" Сондай ол сапалы нәрсені, бұл сапасыз нәрселерге ауыстырмақшысыңдар ма? Бір қалаға түсіңдер, онда әрине қ а л а ғ а н д а р ы ң бар" деді. (Сондықтан) оларға қорлық, жоқшылық жүктеліп, Алла (Т.) ның ашуына ұшырады. Бұл олардың, Алланың аяттарына қарсы келулері және жазықсыз пайғамбарларды өлтірулері сондай-ақ естіп қарсы келіп, шектен шығулары себепті.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі сонда сендер: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі тамаққа шыдай алмаймыз. Біз үшін Раббыңнан тіле, бізге жерде өсетін көкөнісінен, қиярынан, сарымсағынан, бұршағынан және пиязынан шығарып берсін», - дегендеріңде ол: «Сендер жақсы нәрсені төмен нәрселерге ауыстырасыңдар ма? Кез келген қалаға түсіңдер, сендерге сонда сұрағандарың бар», - деді. Сонда оларға қорлық пен жоқшылық түсірілді әрі Аллаһтың ашуына ұшырады. Мұның себебі - олардың Аллаһтың белгілеріне күпірлік етулері / оны теріске шығарулары / әрі пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері. бұл - олардың бойсұнбаулары мен шектен шыққандықтары үшін.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي