Сол уақытты еске алыңдар. Бастарыңа Тұр тауын көтеріп тұрып: «Сендерге біз берген (Тәурат) ді мықты ұстаңдар да құлақ салыңдар» деп серт алған едік. Олар: «Құлақ салдық, қарсы болдық» деді. Өйткені қарсылықтарының салдарынан жүректеріне бұзау сіңіп алған. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Егер (Тәуратқа) иман келтірген болсаңдар, имандарың сендерге нендей жаман нәрсені (бұзауға табынуды) бұйырған» де. (Тәуратта бұзауға табыну жоқ еді.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Кезінде үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз бергенді / Тәуратты / берік ұстаңдар да құлақ асыңдар / бойсұныңдар / », - деп, сендерден уәде алдық. Олар: «Естідік, бойсұнбадық», - деді. Күпірліктері / қарсылықтары / себепті, олардың жүректеріне бұзау сіңіп алған. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сендер иманды болсаңдар, имандарың сендерге қандай жаман нәрсені бұйырады», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي