Расында Нұх (Ғ.С.) ты еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: “Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Біз Нұхты өз еліне Елші етіп жібердік. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Мен сендерге ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي