(Олар тәуратты қойып) Сүлейман (Ғ.С.) ның патшалығы заманындағы шайтандар оқыған (сиқыр) ға ілесті. Сүлейман (Ғ.С.) қарсы келмеді. (Сиқыр жасамады.) Бірақ шайтандар, адамдарға сиқыр үйретіп, кәпір болды. Олар Бабылда «Һарұт, Марұт» атты екі періштеге түсірілгенді үйретті. Ол екі періште: «Біз сынақ үшін келдік, қарсы болмаңдар» деп айтпайынша ешкімге үйретпеген. Сонда да олар, екеуінен: Ер- әйелдің арасын айыратынды үренетін еді. Олар, Алладан бұйрықсыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Алланың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақиретте несібе жоқтығын білді. Олар, өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі олар Сүлеймен патшалығы кезіндегі шайтандар оқыған нәрсеге / сиқырға / ерді. Сүлеймен күпірлік еткен / сиқыр жасаған / жоқ. Алайда адамдарға сиқырды және Бабылдағы һарұт пен Марұт есімді екі періштеге түсірілген нәрселерді үйреткен шайтандар күпірлік етті / қарсы келді /. Ал, ол екеуі / періштелер / :«Шын мәнінде, біз / сендерге / сынақ үшін жіберілгенбіз, күпірлік етпе / сиқыр үйреніп, діннен шықпа / », - деп ескертіп, сақтандырмайынша, ешкімге / сиқыр / үйретпеді. Олар ол екеуінен ер кісі мен оның жұбайының арасын айыратынды үйренетін еді. Бірақ олар Аллаһтың рұқсатынсыз ешкімге зиян жеткізе алмайды. Негізінде, олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда бермейтін нәрселерді үйренетін еді. Олар оны / сиқырды / сатып алғанға, соңғы,мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ екенін білді. Ақиқатында, олардың өз жандарын сатып, оның орнына алған нәрселері қандай жаман. Егер олар білсе.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي