(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен құрметті айда соғысудан сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу зор кінә. Дегенмен, Алланың жолынан тию, Оған қарсы келу, Месжід Харамнан тыю және оның тұрғындарын шығару Алла (Т.) ның қасында тағы зор күнә» де. Сондай-ақ жауыздық, кісі өлтіруден де зор. Егер олардың шамалары келсе, сендерді діңдеріңнен қайтарғанға дейін өздеріңмен соғысуды үзбейді. Сендерден кім діннен қайтып, ол кәпір күйінде өлсе, олардың ғамалдары дүние, ахиретте де жойылып және олар тозақтық болып, олар онда мәңгі қалады
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Олар сенен тыйым салынған ай, ондағы / ол айдағы / соғыс жайлы сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу - үлкен / қылмыс /. Ал, Аллаһтың жолынан қайтару және Оған күпірлік ету / Аллаһтың бірлігін теріске шығару / , сондай-ақ әл-Харам мешітінен / тосу / және оның тұрғындарын одан шығару - Аллаһтың алдында одан да үлкен / қылмыс /. Бүлік / фитна / - / кісі / өлтіруден де үлкен»,- деп. Олар шамалары келсе, діндеріңнен қайтарғанға дейін сендермен соғысуын тоқтатпайды. Сендерден кім дінінен қайтса және кәпір күйде өлсе, міне, солардың амалдары осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетеді әрі олар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي