Қашан әйелдерді талақ қылсаңдар, ғыддаты бітсе, өз ерімен ризаласып үйленуін тоспаңдар. (Немесе өзара ризаласқан біреумен үйленуін тоспаңдар.) Бұл сендерден Аллаға, ақирет күніне иман келтіргендерге берілген насихат. Бұл сендер үшін тым таза, өте пәк. Алла біледі, сендер білмейсіңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Егер әйелдерді талақ етіп, иддасы жетсе, құпталғанға сай өзара келісімге келген жағдайда, өз күйеулерімен қайта қосылуларына кедергі жасамаңдар. Осы арқылы сендерден Аллаһқа және Ақирет күніне сенгендерге насихат етіледі. Бұл - сендерге ең жақсы әрі тазасы. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي