(Мұхаммед Ғ.С.) өзіне Алла патшалық берді деп, Ыбырайым (Ғ.С.) мен Раббы жайында таласқанын көрмедің бе? (Бұл Құдаймын деген бабыл патшасы Намрұд) Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «раббым өлтіреді де тірілтеді» деді. Ол: «Мен де өлтіремін де тірілтемін» деп, (өлімге бұйырылған біреуді қоя беріп, жазықсыз біреуді өлтіртеді) Ыбырайым (Ғ.С.): «Расында Алла күнді шығыстан келтіреді, сен оны батыстан келтірші» деді. Сонда кәпір абыржып қалды. Алла залым елді тура жолға салмайды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Өзіне Аллаһ патшалық берсе де, Ибраһиммен оның Раббысы туралы тартысқанды білмедің бе? Сонда Ибраһим: «Менің Раббым - Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді», - деді. Ол / Намруд / :«Мен де тірілтемін және өлтіремін», - деді. Ибраһим: «Ақиқатында, Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, ал сен оны батыстан шығар», - деді. Сонда күпірлік еткен / Аллаһтың игіліктерін теріске шығарған / ол абдырап қалды. Аллаһ әділетсіз адамдары тура жолмен жүргізбейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي