Ол сондай Алла, сендерді бір -ақ кісіден (Адамнан) жаратқан, және оған тиянақ үшін жұбайын (Хауаны) жаратқан. Ол жұбайына жақындасқанда, жұбайы жеңіл түрде жүкті болды. Сонда онымен жүріп ауырлаған кезде, Аллаға: «Егер бізге игі бала берсең, әрине шүкір етушілерден болар едік» деп жалбарды.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ол / Аллаһ / сендерді бір жаннан / Адам атадан / жаратты және одан жұбайын жасады, / сөйтіп / оның онымен тыныштық табуы үшін. Ол оны жапқанда / жақындасқанда / жұбайы жеңіл жүкті болып, сонымен жүрді. Сонда / жұбайының / аяғы ауырлаған кезде, екеуі өздерінің Раббысы Аллаһтан: «Егер бізге ізгі / перзент / берсең, біз, шүкір етушілерден / берген игіліктеріңе алғыс білдірушілерден / боламыз», - деп тіледі.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي