ترجمة سورة البينة

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
ترجمة معاني سورة البينة باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد .
من تأليف: خليفة الطاي .

Кітап иелерінен,мүшіріктерден қарсы шыққандар,өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді.
(Ал бұл дәлел) таптаза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді.)
Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар.
Дегенмен өздеріне Кітап берілгендер,мүшіріктердер,оларға ашық дәліл келгеннен кейін ақ бөлінді.
Олар;Ғибадатты нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары,намаз оқулары, зекет береулері үшін әмір етілген.Міне осы,тұптура дін.
Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшіріктерден қарсы шыққандар, мүде тозақ отында қалады.Міне солар,жаратылғандардың жауызы.
Күдіксіз сондай иман келтіріп,түзу іс істегендер; міне солар,жаратылғандардың жақсысы.
Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады.Алла олардан разы, олар Алладар разы.Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.
Icon