ترجمة معاني سورة الزخرف
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
Расында түсінулерің үшін оны Арапша Құран қылдық.
Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы.
Сендер шектен шыққан ел екен деп, үгіт баян етуден айнып кетейік пе?
Бұрынғыларға қаншалаған пайғамбар жібергеміз.
Олар өздеріне келген пайғамбарды ұдайы мазақ қылды.
Сондықтан олардан күштіректерді типыл қылдық. Бұрынғылардың мысалы өтті.
(Мұхаммед Ғ.С.) егер олардан: "Көктер мен жерді кім жаратты?",- деп сұрасаң, әрине: "Оларды өте үстем, аса білуші Алла жаратты" дейді.
Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты.
Ол сондай Алла, көктен мөлшермен жаңбыр жаудыруда. Сонда онымен өлі бір жерді құлпырттық. Сол сияқты тірілтіліп, шығарыласыңдар.
Ол сондай Алла, барлық жүптерді жаратты. Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты.
Олардың үстіне мінсеңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: "Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік" дейсіңдер.
"Күдіксіз Раббымызға қайтарыламыз."
(Мұхаммед Ғ.С.) олар Аллаға құлдарының бір бөлімін арнады. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Расында адам баласы ашық нәсүкір.
Немесе Ол, жаратқандарынан қыздарды өзі алып, ұлдарды сендерге арнады ма?
Олардың біреуіне Аллаға арнағанының ұқсасы шүйіншіленсе, (қатының қыз тапты делінсе,) беттері қарайып, оны ашу кернейді.
Моншақ ішінде тәрбиеленіп, өз дауында баян ете алмайтын біреу ме? (Осындай нәзік жаралған қыздар Алланікі бола ма?)
Олар, Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар, олардың жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куеліктері жазылып жене сұралады.
Тағы олар: "Мейірімді Алла, қаласа еді, біз періштелерге табынбас едік" деді. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Олардікі мүлде межелеу ғана.
Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма?
Керісінше, олар: "Аталарымызды бір жол үстінде таптық. Расында біз де олардың іздеріне түсіп, тура жол табамыз" дейді.
Осылайша (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір мемлекетке пайғамбар жіберген болсақ, олардың беделділері: "Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізіне түсеміз" деді.
(Әр Пайғамбар): "Егер сендер аталарыңды тапқан жолдан турарағын әкелсем де ме?,-деді. Олар: "Расында сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз" деді.
Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді қара, жасынға шығарушылардың соңы қалай болды?
Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) әкесіне әрі еліне: "Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім" деді.
"Бірақ мені жаратқан Алла басқа. Өйткені Ол, мені тура жолға салады..."
Ыбырайым (Ғ.С.) бұл (Алланы бірлеу) сөзін кейінгі ұрпақтарына мұра етіп, қалдырды. Әрине олар осыған қайта оралар.
Сонда да оларды әрі аталарын Құран және ашық баян етуші Елші келгенге дейін қамтамасыз еттім.
Оларға Құран келген сәтте, олар: "Бұл бір сиқыр. Шынында бұган қарсымыз" деді.
Олар: "Бұл Құран (Мекке, Тайып) екі қаладан ірі бір адамға түсірілсе еді" деді.
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның мәрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірін-бірінен дәрежеде көтердік. Раббыңның мәрхаметі олардың жиған-тергендерінен артық.
Егер бүкіл адам баласы біріңғай болып, азбайтын болса еді, әрине Аллаға қарсы болғандардың үйлерінің төбесін әрі жоғары шығатын баспалдақтарын күмістен жасар едік.
Үйлерінің есіктерін және сүйеніп үстеріне отыратын дивандарын да күмістен жасар едік.
Сондай-ақ алтынға бөлер едік. Бұлардың барлығы дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Раббыңның қасындағьі ахирет, тақуалар үшін.
Әлде кім Рахманды еске алудан көз жұмса, оған шайтанды ерікті қыламыз да сонда ол, оның жолдасы болады.
Күдіксіз шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды.
Ақыр (қиямет күні) бізге келгенде (шайтанға): "Әттең! Менімен сенің араң батыс, шығыстың ұзақтығы болсашы! Нендей жаман жолдассың" деді.
Әрине сендерге бүгінгі өкініш пайда бермейді. Сол уақытта зұлымдық істегенсіңдер. Сондықтан азапқа да ортақсыңдар.
(Мұхаммед Ғ.С.) саңырауларға сен естіртесіқ бе? Немесе соқырды және ашық адасқан біреуді тура жолға саласың ба?
Ал, мүбада сені алып, кетсек (қайтыс болсаң) те оларға лайықты жазаларын береміз.
Немесе оларға уәде етілген азапты (көзің тірісінде келтіріп,) әрине саған да көрсетеміз. Күдіксіз оларға күшіміз жетеді.
(Мұхаммед Ғ.С.) сен сондай өзіңе уахи етілген Құранға жабыс. Сен шын мәнінде тура жолдасың.
Күдіксіз Құран, сен үшін әрі елің үшін бір үгіт. Келешекте сұраласыңдар. (Оны бағалау, ардақтау және оның шүкірлігін орындауға жауапкерсіңдер. Б.Ж.М.)
Сенен бұрын жіберген елшілерімізден сұра: Алладан өзге құлшылық қылатын тәңірлер жасадық па?
Күдіксіз Мұса (Ғ.С.) ны да мұғжизаларымызбен Перғауынға сыбайластарына жібердік. Сонда ол, оларға: "Шын мәнінде мен әлемдердің Раббының Елшісімін" деді.
Оларға мұғжизаларымызды келтірген сәтте, олар, оған күлген еді.
Оларға көрсеткен мұғжизалар, бір-бірінен ұлкен еді. Бәлкім райдан қайтар деп азапқа ұшыраттық.
(Олар Мұса Ғ.Сға): "Әй сиқыршы! Раббыңа өзіңе берген уәде бойынша жалбарын. Біз шын мәнінде тура жолға келейік" десті.
Сонда олардан азапты Біз айықтырған кезде олар дереу сөздерінен айниды.
Перғауын, елінің ішінде: "Әй қаумым! Мысырдың патшалығы және астымнан ағатын міне өзендер менікі емес пе? Көрмейсіңдер ме?",- деп, даурықты.
"Немесе мен осы өзі қор, сөзін түсіндіре алмайтын Мұсадан жақсы емеспін бе?"
"Оған алтыннан білезіктер неге салынбаған немесе онымен бірге періштелер неге жолдас болып келмеген?"
Сөйтіп (Перғауын) елін менсінбеді. Сонда да олар оған бағынды. Расында олар, бұзық ел еді.
Сөйтіп олар Бізді кейіткен кезде, олардың тиісті жазасын беріп, суға батырдық.
Оларды кейінгілер үшін бір өтіп кеткен үлгі қылдық.
(Мұхаммед Ғ.С.) Мәрйем ұлын мысал келтіргенде, оған, елің қарқылдап күлді.
Олар: "Біздің тәңірлеріміз жақсы ма? Не Ғиса жақсы ма?",- деді. Олардың саған бұны айтулары, жанжал үшін ғана. Өйткені олар, қиқар ел.
Ол Ғиса (Ғ.С.) Біз өзіне игілік берген сондай-ақ Израил ұрпақтарына бір мысал қылған құл ғана.
Егер қаласақ, сендерден періште жаратар едік те олар орындарыңды басар еді.
Күдіксіз (Ғиса Ғ.С.) қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған Күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол.
Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан.
Ғиса (Ғ.С.) мұғжизалармен келген заман, оларға: "Мен сендерге хикметті келтірдім. Алладан қорқыңдар, Маған бой ұсыныңдар" деді.
"Дау жоқ, Алла, менің дө сендердің де Раббыларың. Сондықтан Оған құлшылық қылыңдар. Осы тура жол!"
Дегенмен топтар өзара қайшылыққа түсті. Жан түршігерлік күннің азабынан сондай залымдарға нендей өкініш!
Олар, өздеріне қиямет мезгілінің кенеттен өздері аңғармаған түрде, келуін ғана күте ме?
Сол күні тақуалардан басқа достар, бір-біріне дұшпан болады.
(Алла, тақуаларға): "Әй құлдарым! Бүгін сендерге хауіп-қатер жоқ әрі қайғырмайсыңдар" (дейді)
Олар сондай иман келтіріп, бой ұсынушылар.
"Жаннатқа кіріңдер. Сендер де жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер!"
Оларға алтыннан табақтар, кәселер ұсынылады. Сондай-ақ онда көңілдері қызығатын, көздері куанатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі қаласыңдар.
Міне осы сендердің ғамалдарыңменен мұрагер болған жаннат.
Онда сендерге жемістер көп, одан жейсіңдер.
Сөзсіз күнәкарлар тозақтың азабында мәңгі қалады.
Олардың азабы жеңілтілмейді де олар онда күдер үзген түрде қалады.
Оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қьілды.
Тозақтықтар: "Әй сақшы! Раббың ісімізді бітірсін" дейді. Сақшы: "Расында сендер тұрасыңдар" дейді.
(Алла оларға): "Шынында сендерге шындықты келтірдік. Бірақ көбің шындықты жек көрдіңдер."
Немесе олар (Пайғамбарға қарсы) шара қолданды ма? Шын мәнінде Біз шара қолданушымыз.
Немесе олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай ма? Әрине періштелеріміз алдарында жазуда. (82-С. 10-11-А.)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Мүбада Алланың баласы болса, сонда мен құлшылық қылушылардың алды болар едім" де.
Көктер мен жердің Раббы әрі ғаршынын Раббы, олардың сипаттаған нәрселерінен пәк.
Енді оларды қойып қой. Өздеріне уәде етілген күнге дейін сүңгісін. ойнасын.
Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Және Ол, аса дана толық білуші.
Ол сондай өте жоғары Алла (Т.), көктер мен жердің әрі екі арасындағы нәрселердің игілігі Оған тән. (Оның меншігінде.) Сондай-ақ қиямет мезгілінің мәліметі Оның қасында әрі Оған қайтарыласықдар.
Олардың Алладан өзге құлшылық қылғандары шапағат ету күшіне ие емес. Бірақ хақиқатты біліп, куә болғандар басқа. (Шапағат ете алады.)
Егер олардан: "Кім жаратты?",- деп сұрасаң, әлбетте: "Алла" дейді. Сонда, қалай бұрылып, барады?
Пайғамбардың: "Раббым! Бұлар иман келтірмейтін ел" дейтінін (Алла біледі.)
(Мұхаммед Ғ.С.) олармен шығыс, сәлем бер. Олар жедел түсінеді.