ترجمة سورة مريم

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة مريم باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Кәф, Ха, Йа, 'Айн, Сад.
Ей, Мұхаммед! / Бұл - Раббыңның Өз құлы Зәкәрияға / жасаған / игілігін еске салуы.
Міне, кезінде ол Раббысына / өзгелерден / жасырын түрде жалбарынды.
Ол: «Раббым! Менің сүйегім қаусады, басымды ақ шалды. Раббым! Саған дұға еткенімде бақытсыз болған жоқ едім.
Мен артымда қалатын ағайындарымнан қорқамын / қауіптемін /. Әйелім бедеу. Маған өз қасыңнан бір мұрагер бере гөр!
Маған да мұрагер әрі Яғқұптың әулетіне де мұрагер болатын. Раббым! Оны Өзің разы болатын / ізгілерден / ет», - деді.
«Ей, Зәкәрия! Біз сені ұлмен сүйіншілейміз, есімі Йахйа. Бұған дейін ешкімді ол секілді атамадық».
Зәкәрия / :«Раббым!? Әйелім бедеу, ал, өзім қатты қартайған болсам, менде қалай бала болмақ?» - деді.
Періште / :«Міне осылай. Раббың айтты: «Ол маған оңай. Сені, бұрын сен ешнәрсе болмағаныңда да жараттым», - деді.
Зәкәрия / :«Раббым, маған бір белгі бер»,- деді. Ол: «Сенің белгің - сау бола тұра адамдарға қатарынан үш түн сөйлемеуің»,- деді.
Сөйтіп ол, құлшылық ететін орнынан қауымының алдына шығып, оларға: «Таңертең және кешке Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеңдер»,- деп / ишарамен / білдірді.
Оған / :«Ей, Йахйа! Кітапты мықтап ұста!» - дедік. Әрі Біз оған бала кезінен даналық бердік.
Әрі оған Өз тарапымыздан мейірбандық пен тазалық бердік.1510 Ол тақуа / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы! еді.
Әрі ол ата-анасына игілік істеуші болып, өктемшіл, бойсұнбаушы емес еді.
Әрі оған туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық болады.
Әрі Кітаптағы Мәриямды есіңе ал. Ол үйіндегілерден шығыс жақтағы бір орынға оңашаланып,
олардан тосық артына тасаланып алды. Біз оған Рухымызды / Жәбірейілді / жібердік. Ол оған толыққанды адам бейнесінде көрінді.
Мэриям / :«Мен әр-Рахманға / аса Мейірімдіге / сиынып, сенен қорғауын сұраймын. Егер Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушы / тақуа / болсаң / тиіспе / », -деді.
Періште / :«Анығында мен саған бір таза бала сыйлау үшін Раббыңның жіберген Елшісімін», - деді.
Мәриям / :«Маған ешбір адам жақындамаған болса және мен жеңіл жүрісті болмасам, менде қалай бала болмақ?» - деді.
Періште / :«Міне осылай. Раббың: «Бұл Маған оңай. Оны адамдар үшін Бізден бір белгі / мұғжиза / және мейірім етеміз. Бүл - шешіліп қойылған іс», - деп айтты»,- деді.
Сөйтіп, ол оған жүкті болып, онымен / кұрсағындағымен / алыс бір орынға барып оңашаланды.
Сонда, толғақ оны бір құрма ағашының діңіне алып келді. Ол: «Қап, бұдан бұрын өліп кетсем әрі мүлдем ұмытылған болсам еді», - деді.
Періште / оған төменгі жақтан үн қатып: «Қайғырма! Раббың аяқ астыңнан бастау ағызды.
Құрманың діңін өзіңе қарай сілкі. Саған жаңа піскен кұрма түседі.
Құрмадан / же, су іш әрі тыныштыққа болен! Егер адамдардан біреуді көрсең: «Мен әр-Рахман / аса Мейірімді / үшін ауыз бекітуге нәзір атадым. Енді бүгін ешбір адаммен сөйлеспеймін», - деп айт»,- деді.
Ол оны көтеріп еліне келді. Олар: «Ей, Мэриям! Сен шошынарлық нәрсе келтірдің.
Ей, Һарұнның қарындасы! Әкең жаман кісі емес еді, әрі анаң да теріс жолда емес еді»,-деді.
Сонда ол оған / балаға / меңзеді. Олар: «Біз құндақтағы нәрестемен қайтып сөйлесеміз?» - деді.
Иса / :«Мен - Аллаһтың құлымын. Ол маған Кітапты берді әрі мені Пайғамбар етті.
Әрі қайда болсам да мені берекелі етті. Өмір сүріп тұрған кезімде намазды және зекетті / өтеуді / бұйырды.
Әрі анама игілік етуші / перзент / етті және мені өктемшіл, бақытсыз етпеді.
Әрі маған, мен туылған күні, қайтыс болатын күні және қайта тірілетін күні амандық / болады / », - деді.
Міне бұл - олар күмәнданып, тартысатын Мәриямның ұлы Иса жайлы хақ сөз.
Аллаһтың бала иемденуі мүмкін емес. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол бір істің болуын үкім етсе, оған тек қана «бол» дейді. Сонда ол, болады.
Иса / «Ақиқатында, Аллаһ - менің Раббым әрі сендердің Раббың. Оған құлшылық етіңдер. Міне осы тура жол», - деді.
Ал айда топтар өзара қайшылыққа түсті. Сондай күпірлік етушілерге / хақ дінді бұрмалаушы ағымдарға / Ұлы күннің / Қияметтің / көрінісінен үлкен қасірет бар\
Бізге келген күні, олардың есту, көрулері өте анық болады. Алайда бүгін әділетсіздер ашық адасуда.
Ей, Мұхаммед! / Оларға барлық іс шешілетін - қасіретті Күнді ескерт. Ал, олар қаперсіздік танытуда / бейғамдықта / әрі сенбеуде.
Ақиқатында жер және оның үстіндегілері Бізде қалады. Әрі олар Бізге қайтарылады.
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Ибраһимді есіңе ал. Анығында, ол өте шыншыл және Пайғамбар еді.
Міне, кезінде ол әкесіне: «Әй, әкешім! Неге сен естімейтін, көрмейтін және өзіңе ешпайда бермейтін нәрсеге табынасың?
Әй, әкетайым! Шын мәнінде маған, саған келмеген бір білім келді. Сондықтан маған ілес, сені тура жолға бастаймын.
Әй, әкешім! Шайтанға табынба! Анығында, шайтан, әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбаушы болды.
Әй, әкешім! Мен саған әр-Рахманнан азап тиіп, шайтанға жақын болып қалуыңнан қорқамын», - деді.
Әкесі / :«Ей, Ибраһим! Сен менің құдайларымнан бас тартасың ба? Егер, тыйылмасаң, менің сөгісіме ұшырайсың. Менен біраз уақыт аулақ жүр», - деді.
Ибраһим / :«Саған амандық болсын. Мен сен үшін Раббымнан кешірім тілеймін. Шын мәнінде, Ол маған Мейірбан..
Әрі мен сендерден және сендердің Аллаһтан өзге тілейтіндеріңнен араны ашамын әрі Раббымнан тілеймін. Раббыма сиынып, тілек етуімде бақытсыз болмауды үміт етемін»,- деді.
Сөйтіп ол олардан және олардың Аллаһтан өзге табынатындарынан алыстап, бөлек кеткенде, Біз оған Исхақ пен Яғқұпты тарту еттік әрі олардың барлығын пайғамбар қылдық.
Әрі оларға Өз мейірімізден тарту етіп, олар жайлы ақиқат сөзін жоғары еттік.
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Мұсаны есіңе ал. Ол таңдалған және Елші / расул / әрі Пайғамбар / нәби / еді.
Біз оған таудың оң жағынан үн қаттық және сөйлесу үшін оны жақындаттық.
Әрі Өз мейірімізбен оған бауыры Һарұнды пайғамбар етіп сыйладық.
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Исмаъилды есіңе ал. Ол уәдеге адал әрі Елші және Пайғамбар еді.
Ол үй-ішін намазға / оны орындауға / және зекетке / парыз, нәпіл садақа беруге / бұйыратын. Әрі Раббысы одан разы болған еді.
Ей, Мұхаммед! / Әрі Кітаптағы Идристі есіңе ал. Ол шыншыл әрі Пайғамбар еді.
Біз оны жоғары орынға көтердік.
Міне осылар - Аллаһ игілік берген Адамның ұрпағындағы пайғамбарлардан әрі Біз Нұхпен бірге алып жүргендеріміздің және Ибраһим мен Исраилдың ұрпағындағы әрі Біз тура жолмен жүргізіп және таңдап алғандардан. Оларға әр-Рахманның / аса Қайырымдының / аяттары оқылған кезде олар жылаған күйлерінде сәждеге жығылады.
Олардан кейін намазды зая қылған әрі тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / ергендер келді. Жақында олар Ғайға / тозақтағы терең шұңқырға / тасталады.
Тек істеген күнәсіне шынайы өкініп, Раббысына бойсұнуға қайтып / тәубе етіп / , иманға келген әрі ізгі амал істегендер басқа. Олар Жәннатқа кіреді әрі Оларға еш әділетсіздік жасалмайды.
Олар ’Адн / жәннатының / бақтарына / кіреді / , сондай, әр-Рахман құлдарына ғайып түрде / көрсетпестен / уәде еткен. Ақиқатында оның уәдесі орындалады.
Олар ол жерде бос сөз естімейді. Еститіндері тек «Сәлам» / Амандық болсын / - деген сөздер. Әрі олардың ондағы ризықтары таңертең де, кешке де / қалаған кездерінде /
Құлдарымыздан тақуа болғандарға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға / мұра ететін Жәннат - осы.
Ей, Жәбірейіл Мұхаммедке айт! / :«Біз / періштелер / Раббыңның әмірімен ғана түсеміз. Біздің алдымыздағы және артымыздағы әрі осының арасындағылар Оның иелігінде. Раббың - ұмытушы емес.
Ол - аспандардың және жердің әрі олардың арасындағыларының Раббысы. Оған құлшылық ет және Оған құлшылық етуде сабырлы бол. Оған ұқсас біреуді білесің бе?», - деп
Әрі адам баласы: «Мен өлгеннен кейін, / қайтадан / тірі күйімде шығарыламын ба?» - дейді.
Адам баласы әуелде Біздің оны жаратқанымызды есіне алмай ма? Ал, ол ешнәрсе болмаған еді.
Раббыңмен ант етемін! Біз оларды және шайтандарды әлбетте жинаймыз. Содан кейін оларды Жаһаннамның айналасына тізерлетіп қоямыз.
Кейін әрбір топтан, олардың ішіндегі әр-Рахманға / аса Қайырымдыға / бойсұнбауда ең қатты болғандарын шығарып аламыз.
Одан кейін, әлбетте онда жандырылуға ең лайықтылардың кім екенін Біз жақсы білеміз.
Сендерден әрбіреу оған келеді. Бұл - Раббыңның міндетіндегі, шешілген бір үкім.
Кейін, тақуа болғандарды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / құтқарамыз. Ал, әділетсіздерді оның ішінде тізерлеген күйінде қалдырамыз.
Оларға анық түрдегі аяттарымыз оқылған кезде, күпірлік еткендер / имансыздар / иманға келгендерге: «Екі топтың / имандылар мен имансыздардың / қайсысы жағдайы және жиыны / құрамы / тұрғысында артық?» - дейді.
Ал, олардан бұрын қанша халықтарды жойған едік. Олар байлықтарында және түр-тұрпатында жақсырақ еді.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Кім адасуда болса, әр-Рахман оларға оны / адасуларын / өздеріне уәде етілген - не азап, не Сағатты / қияметті / көргендеріне дейін ұзартып қойсын. Сол кезде олар, кімнің орын тұрғысынан жаман әрі әскері әлсіз екенін біледі»,- деп.
Әрі Аллаһ тура жолда болғандардың туралығын арттырады. Ал, қалатын / жойылмайтын / ізгі амалдар - Раббыңның құзырында қайтарым сый әрі нәтиже ретінде одан қайырлы.
Аяттарымызға күпірлік етіп / сенбей / :«Маған мал және балалар беріледі»,- дегенді көрдің бе?
Ол ғайыпты білді ме, әлдеәр-Рахманнан / аса Қайырымдыдан / серт алды ма?
Жоқ! Олай емес! Біз оның айтқанын жазып қоямыз әрі оған азапты арттырамыз.
Әрі оның айтқан нәрселері Бізге қалады да, ол Бізге бір өзі келеді.
Олар өздеріне абырой / күш-құдірет / болуы үшін Аллаһтан өзгелерді құдай етіп алды.
Жоқ! Олай емес! Олар / табынғандары / бұлардың құлшылықтарын теріске шығарады және бұларға қарсы болады.
Ей, Мұхаммед! / Біз кәпірлердің үстінен шайтандарды, оларға түрткі салып, итермелеуші етіп жібергенімізді көрмедің бе?
Сондықтан оларға / жазаның келуіне / асықпа. Біз олар үшін / нақты / есеп жүргізушіміз.
Сол / қайта тірілу / Күні, тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / әр-Рахманға таңдаулы өкілдер тобы етіп жинап,
ал қылмыскерлерді қатты шөлдеген халдерінде Жаһаннамға айдаймыз.
Әр-Рахманнан уәде алғандардан басқалары арашалық ету / шапағат ету / құқығына ие болмайды.
Әрі олар: «әр-Рахман / аса Қайырымды / Өзіне бала алды», - деді.
Расында сендер өрескел нәрсе істедіңдер.
Бұдан аспандар жарылып әрі жер айрылып және таулар күйреп, құлап түсе жаздайды,
олардың әр-Рахманға бала таңғандықтары үшін.
Өзіне бала иемдену әр-Рахманға лайықты емес / үйлеспейді /.
Аспандар мен жердегілердің барлығы әр-Рахманға бар болғаны құл ғана болып келеді.
Ол / Аллаһ / оларды санап, есептеп қойған.
Олардың барлығы Қайта тірілу күні Оған жалғыз келеді.
Иманға келген және ізгі амал істегендерге әр-Рахман / аса Қайырымды / сүйіспеншілік салады.
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде, Біз бұны / Құранды / өз тіліңде жеңіл еттік, сенің онымен тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларды / қуандыруың және қасарысқан керісшіл адамдарды ескертуің үшін.
Әрі олардан бұрын қанша халықтарды жоқ еттік. Енді сен олардың бірін сезіп, біле аласың ба немесе олардың сыбдырын естисің бе?
Icon