(Мұхаммед Ғ.С.) олардың діндеріне ермейінше, Яһуди де Христиан да сірә сенен разы болмайды. Оларға: «Әрине Алланың жолы сол тура» де. Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Алла тарапынан саған не дос не жәрдемші болмас.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Иудейлер де, христиандар да олардың діндеріне ермейінше, сенен мүлдем разы болмайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың жолы / басшылығы / - тура жол / басшылық / », - деп. Егер өзіңе келген білімнен кейін олардың көңіл құмарлықтарына ерсең, Аллаһтан саған не қамқорлық етуші, не көмек беруші болмайды.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي