Әй мүміндер! Егер белгілі бір мерзімге дейін бір-біріңе борыштансаңдар, сонда оны жазыңдар. Араларыңда бір хатшы дұрыс жазсын. Сондай-ақ хатшы Алланың оған үйретуі бойынша жазудан бас тартпасын. Борышты кісі жаздырсын. Раббы болған Алладан қорықсын әрі одан еш нәрсе ке мітпесін. Сонда егер борышты есалаң не нашар (жас бала я кәрі) немесе жаздыра а лмайтын (сақау т.б.) болса, оның иесі тура жаздырсын, Еркектеріңнен екі айғақ қойыңдар. Егер еркек болмаса онда өздерің ұнатқан айғақтардан бір еркек, екі әйел болады. Егер екеуініц бірі жаңылса, екіншісі оның есіне салады. Куәлер шақырыяған сәтте бас тартпасын. Аз, көп болса да белгілі мерзімгө дейін жазудан ерінбеңдер. Осыларың Алланың қасында туралық; куәлік үшін мыктырақ және күдіктенбеугө де жақынырақ. Бірақ та өзара қолма-қол алып, беретін әзір сауда болса, жазбауларыцның оқасы жоқ. Саудаласқан кезде айғақ қойыңдар, Хатшы да айғақ та зиянға ұшыраты лмасы н. Егер оны істесеңдер, рас күнәлы боласыңдар, Алладан қорқыцдар. Әрі Алла сендерге үйрөтөді. Сондай-ақ Алла (Т.) әр нәрсені толық білуші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Егер бір-біріңе белгілі бір мерзімге дейін қарыз берсеңдер, оны жазыңдар. Бір хатшы сендердің араларыңда әділдікпен жазсын. Әрі хатшы Аллаһтың оған үйреткені бойынша жазудан бас тартпасын. Ол жазсын, ал міндетті болған / борышты / жаздырсын және Раббысы Аллаһтан қорқып, сақтанып, одан ешнәрсені кемітпесін. Егер міндетті болған / борышты / ақылы кем, не әлжуаз немесе жаздыра алмайтын болса, онда оның өкіл-қамқоршысы әділдікпен жаздырсын. Ер кісілеріңнен екі куәні куәлікке тартыңдар. Егер екі ер кісі болмаса, онда өздерің разы болған куәлардан бір ер кісі мен екі әйелді / куә етіңдер /. Сонда / екі әйелдің / бірі жаңылса, екіншісі есіне салады. Әрі куәгерлер шақырылған сәтте / куә болудан / бас тартпасын. және / қарыз / кіші не үлкен болса да оны мерзімімен қоса жазудан ерінбеңдер. Осылай ету - Аллаһтың алдында әділдірек және куәлік тұрғысында туралыққа және күмәнданбауларыңа көбірек жақын. Тек өзара қолма-қол жасайтын нақты сауда болса, оны жазбасаңдар да сендерге күнә жоқ. Әрі өзара сауда келісімін жасасқанда куәлар шақырыңдар. Хатшыға да, куәгерге де зиян тигізілмесін. Ал, егер солай істесеңдер, сөзсіз, ол - сендердің бойсұнбауларың. Әрі Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар, ал Аллаһ сендерге үйретеді және Аллаһ барлық нәрсені Білуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي