Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауып көтеріп тұрып: "Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар" деген едік. (7-С. 171-А.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі кезінде Біз сендерден серт алдық және үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз сендерге бергенді мықты ұстанып, оның ішіндегіні еске алыңдар тақуалық етулерің үшін», - дедік.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي