Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырысқаның сөзінен жылмыйып күлді де: "Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!",- деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сонда ол / Сүлеймен / оның сөзіне жымиып күлді де: «Раббым! Сенің маған және ата-анама берген игілігің үшін шүкір етуімді / алғыс білдіруімді / әрі Өзің разы болатын ізгі амалдар істеуімді көкейіме салып, нәсіп ет. Әрі мені Өз мейіріміңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي