Сонау заманда Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Өлікті қайтып тірілтесің, маған көрсет» деді. (Алла): «Маған сенбейсің бе?»,- деді. (Ыбырайым Ғ.С.): «Әрине сенемін, бірақ жүрегім орнықсын» деді. (Алла Т.): «Құстардан төртеу ұста да өзіңе үйірлестіріп, (сойып араластыр.)Сонсоң әр атудың басына бір бөлшегін қой да сонан кейін оларды шақыр; дереу саған жетіп келеді. Күдіксіз Алланың өте үстем хикмет иесі екенін біл» деді. (Ыбырайым Ғ.С.) бұйырылғанды орындады. Алланың әмәрә бойынша құстар тіріліп келді. (Бұлар: Тауыс, кептер, қарға, қораз делінген. Толық мәлімет тәпсірлерде.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі сол кезде Ибраһим: «Раббым! Маған өліктерді қалай тірілтетініңді көрсет», деді. Ол: «Сенбейсің бе?» - деді. Ибраһим: «Жоқ, әлбетте / сенемін / , бірақ жүрегімнің орнығуы үшін», - деді. Ол / Аллаһ / :«Құстардан төртеуін өзіңе алып / сойып, етін араластырып / жина да, содан кейін олардың бір-бір бөлігін әр таудың басына қой. Кейін оларды шақыр, сонда олар саған тез жетіп келеді. Әрі, Аллаһтың бәрінен Үстем, аса Дана екенін біл», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي