Оған: "Сарайға кір!" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): "Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалган сарай" деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтан Былқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым." деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Оған: «Сарайға кір», - делінді. Ол оны көргенде су деп ойлап, / етегін түріп / балтырын ашты. / Сүлеймен / :«Бұл хрустальдан бір тегіс етіп жасалған сарай», - деді. / Сонда ол / :«Раббым! Ақиқатында мен өзіме-өзім әділетсіз болыппын, мен Сүлейменмен бірге әлемдердің Раббысы Аллаһқа бойсұндым», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي