Рас Біз өліктерді тірілтеміз. Сондай-ақ олардың ілгері жіберген, кейін қалдырған нәрселерін жазамыз. Әр нәрсені ашық бір Кітапта түгендеп қойдық. (Адамның; үйретілген ғылым, жаряланған кітап және жасалған хайыр құрылыстарының сауабы немесе қалдырған жаман өнегелерінің күнәсы; өлгеннен кейін де ғамал дәптеріне жазылып, отырады. Б.М.К.Р.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Біз өлілерді қайта тірілтеміз және олардың бұрын әзірлегендерін / істеген амалдарын / және артында қалдырған іздерін жазып қоямыз. Біз әрбірнәрсені анық Түпнұсқада / Ләухул-Махфузда / 2Ш есептеп қойдық.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي