ترجمة سورة التحريم

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
ترجمة معاني سورة التحريم باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد .
من تأليف: خليفة الطاي .

(Мұхаммед Ғ.С. жұбайларынаі хазіреті Зейнептің үйінен бал шәрбеті ішкенін қызғанған хазрет: Ғайша мен Хафса ақылдасып, Пайғамбар (Ғ.С.) ға: "Аузыңнан сасық иіс шығып тұр" дегендіктен өзіне балды арам етіп, ант ішеді. Б.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ.Т-Қ.) Әй Пайғамбар! Жұбайларыңның ризалығын қалап, Алланың өзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.
Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Алла иелерің. Ол, толық білуші, аса дана.
Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойган сәтте, Алла оны Пайғамбарга білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: "Бұны саған кім білдірді?",- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): "Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді" деді.
Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін ; періштелер де оған болысады.
(Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін.
Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды.
Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар.
Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын ұжмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жұреді. Олар: "Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді" дейді. (57-С.ІЗ-А.)
Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын.
Алла (Т.) кәпірлерге Нұх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лүт (Ғ.С.) тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады "Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер." делінді.
Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: "Раббым! Өз жаныңнан маған бейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар" деген еді.
Ғымран қызы Мәрйемді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рұхымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді. (Нұх Ғ.С. ның әйелі; уаһила, еліне: "Ол жынды" деп, Лұт Ғ.С. ның әйелі; қонақ болып келген періштелерді, еліндегі бұзықтарға хабар беретін еді. Ал Перғауынның әйелі, Асия Мазақым қызы; Мұса Ғ.С. га иман келтіргендіктен, Перғауын оны төрт қазыққа керіп, аяусыз түрде қинаумен өлтіреді. Ғымран қызы Мәрйем; Алланың әміріиен екі қабат болып, Ғиса Ғ.С. ды дүниеге келтіреді. Ж.М.Х.Т.)
Icon