الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде يوسف сүресінің аудармасы
Verse 1
ﮢﮣﮤﮥﮦﮧ
ﮨ
Әлиф. Ләм.Ра. Бұлар ап-айқын Құранның аяттары.
Verse 2
ﮩﮪﮫﮬﮭﮮ
ﮯ
Расында біз мұны Арапша Құран түрінде түсірдік, әрине түсінерсіңдер.
Verse 3
(Мхаммед Ғ.С.) саған бұл Құранды уахи етуімізбен өзіңе қиссалардың ең жақсысын баян етеміз. Негізінде сен бұдан бұрын әрине хабарсыз едің.
Verse 4
Сол уақытта Юсып (Ғ.С.) әкесіне: “Әкетайым! Рас мен түсімде он бір жұлдыз және күн мен айды, маған сәжде қылғанын көрдім” деді.
Verse 5
(Яғқұп Ғ.С.): “Әй балақайым! Түсіңді туыстарыңа айтпа! Саған бір айлакерлік жасар. Расында шайтан адам баласына ашық дұшпан” деді.
Verse 6
“Міне осылайша Раббың сені ұнатады. Саған түстердің жоруын үйретеді. Бұрыңғы аталарың Ыбырайым, Ысхақ (Ғ.С.) тарға нығметтерін тамамдағандай саған және Яғқұп (Ғ.С.) ұрпағына нығметін толықтастырады. Шәксіз Раббың толық білуші, хикмет иесі”
Verse 7
Расында Юсып туыстарының киссасында сұраушылар үшін өнегелер бар.
Verse 8
Сол уақытта туыстары: „ Юсып және туысы, (Бінямын) әкемізге бізден жақсы көрінеді. Біз болсақ мықты бір топпыз. Дау жоқ, әкеміз ашық адасуда” деді.
Verse 9
Олардан бір айтушы: „Юсыпты өлтіріңдер немесе бір жерге апарып тастаңдар. Өздеріңе әкелеріңнің алды бос қалды. Артынанан да түзу бір топ боларсыңдар” деді.
Verse 10
Іштерінен тағы бір айтушы: „Егер менің айтқанымды істейтін болсаңдар, Юсыпты өлтірмеңдер де оны бір құдықтың түбіне тастаңдар. Кейбір жүргінші тауып алар” деді.
Verse 11
Олар: „Әй әке,міз! Юсып туралы бізге сенбейтін саған не болды? Әрине оған қамқормыз” десті.
Verse 12
“Ертең оны бізбен бірге жібер. Тамақтансын, ойнасын. Расында біз оны қорғаушымыз” десті.
Verse 13
(Яғқұп Ғ.С.): “Расында сендердің оны алып кетулерің маған уайым салады. әрі сендер оған кәперсіз қалып, оны қасқыр жеуінен қорқамын” деді.
Verse 14
Олар: “Біз мықты бір топ бола тұра оны қасқыр жесе, әрине сол уақытта зиянға ұшыруашылардан болармыз” десті.
Verse 15
(Туыстары Юсыпты қырға алып шығып, әр түрлі аяусыз жапалар көрсетіп, қатты қинап өлтіруге жақындайды. Ол, оларға жылап, еңіреп жалбарынғандықтанөлтірмей әкелеріне қасқыр жеді деп, қанға бояп көрсету үшін жейдесін шешіп алып, жандары ашымай беліне жіп байлап құдыққа салбыратып тұрып, жібін кескен сәтте, Алладан Жебірейіл арқылы Юсып Ғ.С. ға пайғамбарлық келеді. Б.Ж.К.Р.Т.Ж-Қ.) Сонда олар, Юсыпты алып кеткен кезде, бәрі оны құдықтың түбіне тастауға бірлесті. Оған: “Туыстарыңа әлбетте осы істеріңнің хабарын бересің. Олар сезбейді” деп уахи еттік.
Verse 16
ﭤﭥﭦﭧ
ﭨ
Олар іңірде әкелеріне жылап келді.
Verse 17
“Әй Әкеміз! Біз жарысып кеткенде, Юсыпты нәрселеріміздің жанына тастап кетсек, сонда оны қасқыр жепті. Енді шын айтсақта, бізге сенбейсің ғой” десті.
Verse 18
Сондай-ақ олар оның жейдесіне өтірік қан жағып әкелді. Әкелері: “Олай емес! Сендерге нәпсілерің бір істі жақсы көрсеткен екен. Енді көркем сабыр керек. Айтқандарыңа Алладан жәрдем тіленеді” деді.
Verse 19
(Үш күннен кейін Мәдяннан Мысырға бара жатқан керуен адасып, құдыққа жақын түседі. Б.М.К.Ж.Р.Т.) Бір жүргінші келіп, дереу сушыларын жіберді; ол қауғасын салып: “Ой шүйінші! Міне бір еркек бала” деді. Олар оны сауда малы етіп, жасырып қойды. Алла, олардың не істегендерін толық біледі.
Verse 20
Олар оны кем бағаға бірнеше теңгеге сатып жіберді. Өйткені, Олар Юсыпқа ынтық емес еді.
Verse 21
Мысырдағы оны сатып алған кісі әйеліне: “Орнын құрметтеп жақсы бақ. Мүмкін бізге пайдасы тиер немесе бала қып алармыз” деді. Осылайша Юсыпты ол жерге орналастырып, оған түстердің жоруын үйреттік. Алла өз ісіне өктем, бірақ адамдардың көбі білмейді.
Verse 22
Ол ержеткенде, оған даналық, білім бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлаймыз.
Verse 23
(Бұл Юсыпты жүргіншіден сатып алған, Мысырдың қазына уәзірі Қытпирдің әйелі Зылиха еді. Ол уақытта Мысыр патшасы Уалит ұлы Риян иман келтіреді. Б.Ж.М.К.Р.) Юсып тұрған үйдің әйелі (Зілиха), оның көңлін өзіне тартпақшы болды даесіктерді бекітті: “Қане кел бері!”, - деді. Юсып (Ғ.С.): “Аллаға сиынамын. Ол (ерің) қожайыным, мені жақсы орынға қойды. Шынында залымдар құтылмайды” деді
Verse 24
Расында әйел одан ой қылды. Егер Раббыңның дәлелін көрмесе, Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық, арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді.
Verse 25
Екеуі есікке жүгірді де әйел, оның жейдесін арт жағынан жыртып алып қалды. Екеуі есік алдында әйелдің қожайынына кездесіп қалып, әйел еріне: “Сенің жұбайыңа жамандық ойлаған біреудің жазасы сөзсіз абақты немесе жан түршігерлік азап” деді.
Verse 26
Юсып (Ғ.С.): “Ол, көңлімді өзіне тарпақшы болды” деді. Әйел жағынан бір айғақ: “Егер Юсыптың жейдесі алдынан жыртылса, әйел шын айтты да ол, өтірікшілерден болады”
Verse 27
“Оның жейдесі артынан жыртылса, онда әйел өтірік айтты да Ол, шыншылдардан” деп куәлік берді...
Verse 28
Сонда оның жейдесінің арт жағынан жыртылғанын көрген ері: “Міне бұл, әйелдер, сендердің қулықтарың. Расында сендердің амалдарың үлкен” деді.
Verse 29
“Юсып, мұны қоя сал! Ханым, сен күнәң үшін жарылқану тіле! Расында сен қателесушілерденсің!”-(деді)
Verse 30
Қаладағы қатындар: “Бастықтың әйелі жігітінен көңілі қыпты. Расында біз оны ашық адасушы көреміз” деп өсектеді.
Verse 31
Зілиха, қатындардың өзіне сөшіс бергендіктерін естігенде; оларға шақыру жіберіп, олар үшін сүйеніп отыратын диван әзірледі де әрбіреуіне бышақ беріп, Юсыпқа: „Шық, оларға көрін!”,-деді. (Жеміс кесіп отырған қатындар,) оны көрген сәтте, бір түрлі ірі бағалап (естері шығып,) өз қолдарын турады. Қатындар: „Ой Алла! Мынау адам емес; бұл біртүрлі құрметті періште-ақ қой” десті.
Verse 32
(Зілиха оларға): „Ал міне, мені өсектегенгдерің осы. Расында оның көңілін мен қаладым. Сонда да абырой сақтады. Және де ол, әмірімді орындамаса, әлбетте абақтыға салынып, қор болушылардан болады” деді.
Verse 33
(Юсып Ғ.С.): Раббым! Бұлардың, мені істеуге шақырған істерінен маған зіндан сүйкімдірек. Егер бұл қатындардың сұмдықтарын менен бұрмасаң,оларға бейімдеп надандардан боламын” деп тіледі.
Verse 34
Сонда Раббы тілегін қабыл етіп, одан қатындардың сығандықтарын тойтарды. Өйткені Ол Алла, толық естуші, өте білуші.
Verse 35
Сонсоң оларға дәлелдер көрінгеннен кейін де оны бір мерзімге дейін абақтыға салды.
Verse 36
Және де Юсыппен бірге екі жігіт бірге абақтыға кірді. Ол екеуінің бірі: „Мен түсімде арақ сыққанымды көрдім” деді. Екіншісі: „Мен төбеме нан көтеріп жүр екемін. Одан құс жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз” деді.
Verse 37
(Юсып Ғ.С. оларға): „Сендерге көректендірілетін тамақ келмей-ақ екеуіңе түстің жоруын айтып беремін. Бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Шынында Аллаға сенбеген және ақирет күніне сенбеген бір елдің дінін тастадым” деді.
Verse 38
„Аталарым, Ыбырайым, Ысқақ және Яғқұп (Ғ.С.) тардың дінін қудым. Біздің Аллаға ешбір шерік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге әрі адам баласына Алланың бір мәрхаметі. Бірақ адамдардың көбісі шүкіршілік қылмайды.”
Verse 39
„Әй менің абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек Раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсыма?”
Verse 40
„Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әрі аталарың атаған құр аттар ғана. Алла, оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді”
Verse 41
„Әй абақты жолдастарым! (Бұл түс көрген екеуінін бірі патшаның сушысы, бірі ашпазы екен.) Біреуің қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғы жұмысын істейді.) Ал біреуің дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне екеуінің жоруын сұраған іс бітті.”
Verse 42
Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: „Қожайыныңның жанында мені ескер!”-деді (Юсып Ғ.С.). Сонда шайтан қожайынының алдында еске алуды ұмыттырды да сондықтан Юсып бірнеше жыл абақты да жатып қалды.
Verse 43
(Бір күні) патша: „Түсімде, жеті семіз сиырды жеті арық сиыр жеп жатқанын және жеті жасыл сабақтар, тағы солай қурағанын көрдім. Әй сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар, менің түсімді жорыңдар” деді.
Verse 44
(Олар): „Бұл шым-шытырық түс екен. Сондықтан біз мұндай түстердің жоруын білмейміз” деді.
Verse 45
Ол екеуінің құтылғаны , Юсыпты бірталайдан кейін есіне алдды да: „Мен сендерге оның жоруының хабарын беремін. Дереу мені абақтыға жіберіңдер” деді.
Verse 46
(Ол, абақтыға барып): „Әй шыншыл Юсып! Бізге, жеті семіз сиырды жеті арық сиырдың жеуі және жеті жасыл сабақ пен қурағандары жайында жоруын бер. Олардың да оны білулері үшін адамдарға қайтып барайын”
Verse 47
Юсып (Ғ.С.): „Жеті жыл әдеттегіше егін егесіңдер де сонда орғандарыңды бастырмай сабақта қойып, бірақ аздап жейтіндеріңді ғана аласыңдар.
Verse 48
„Тағы бұдан кейін қатты (ашаршылық жыл) келеді. Бір аздап сақтанғандарыңнан бапсқа бұрыннан сол жинағандарыңды жейсіңдер.”
Verse 49
„Ал бұдан кейін адамдар жаңбырға қанып онда жемістердің суын сығатын жыл келетін болады” деді.
Verse 50
(Мұны естіген) патша: „Оны маған алып келіңдер ” деді. Шабарман келген кез, (Юсып Ғ.С.): „Қожайыныңа қайтып бар. Ол, қолдарын кескен қатындардың мақсаттары не? Сұра! Күдіксіз Раббым, олардың қулықтарын толық біледі” деді.
Verse 51
( Патша қатындарды жинап алып): „Юсыптың көңілін алмақшы болғандарыңғы жағыдай не еді?” деп сұрайды. Әйелдер Алла сақтасын ! Оған байланысты бір жамандық білмедік” десті. Уәзірдің әйелі де: „Міне шындық ортаға шықты. Оның көңілін алуды мен қалаған едім. Расында , ол анық шыншылдардан” деді.
Verse 52
(Юсып Ғ.С.): „Осы (қатындардың сұралу мәселесі) расында оған астыртын қиянат қылмағанымды патшаның білуі үшін. Күдіксіз Алла, қиянатшылардың қастығын оңайлатпайды” деді.
Verse 53
„Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпіс жамандыққа бұйырады. Бірақ та Раббым мәрхамет етсе ол басқа. Күдіксіз Раббым өте жарылқаушы, ерекше мейірімді”
Verse 54
(Юсып Ғ.С. патшаға): „ Мені мемілекеттің қазына бастығы қыл. Өйткені, мен оны қорғауды (басқаруды) білемін ” деді.
Verse 55
(Юсып Ғ.С. патшаға): „ Мені мемілекеттің қазына бастығы қыл. Өйткені, мен оны қорғауды (басқаруды) білемін ” деді.
Verse 56
Міне, осылайша Юсыпты ол жерге орналастырдық. Қалаған жерінде отыра алады. Қалағанымызды мәрхаметімізге бөлейміз. Сондай-ақ жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмаймыз.
Verse 57
Әрине иман келтіріп, тақуа болғандардың ақиреттегі сыйлығы тағы жақсы.
Verse 58
(Ашаршылық жылдарында) Юсыптың туысқандары келіп, жанына кірді. Сонда Юсып оларды таныды. Олар, оны танымады.
Verse 59
Юсып (Ғ.С.) олардың жүктерін әзірлеткен сәтте: „Маған әке бір туыстарың (Бінямын) ды ала келіңдер. Шын мәнінде астық толтырғанымды және мейман достардың жақсысы екенімді көрмейсіңдер ме?”,-деді.
Verse 60
„Егер оны маған келтірмесеңдер,менде, сендерге өлшеп берер жоқ. Сондай-ақ маған жақындамаңдар.”
Verse 61
ﯣﯤﯥﯦﯧﯨ
ﯩ
Олар: „Біз оны әкесінен қалауға тырысамыз. Сөзсіз мұны орындаймыз” десті.
Verse 62
Юсып (Ғ.С.) жігіттеріне: „Олардың (астық сатып алуға әкелген) өз нәрселерін де жүктерінің ішіне қойыңдар. Әрине үйлеріне қайтып барған кезде, оны біліп, мүмкін олар қайтып келер” деді.
Verse 63
Сонда олар әкелеріне қайтып барған дарында: „Әй әкеміз! Біздің өлшеу тоқтатылды. (Астық бермейтін болды.) Сондықтан туысымыз (Бінямын) ды бізбен бірге жібер де (астық) өлшеп алайық. Сондай-ақ біз оны әлбетте қорғаймыз” деді.
Verse 64
(Яғқұп Ғ.С.): „Бұдан бұрын туысына байланысты сендерге сенгенім сияқты бұған да сендерге сенейін бе? Дегенмен, Алла толық қорғаушы әрі Ол, мейірімділердің ең мейірімдісі” деді.
Verse 65
Олар жүктерін ашқанда, Өздеріне қайтарылған нәрселерін тапты да: “Әй әкеміз! Не іздейміз! Міне нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты, тағы семьямызды қамтамасыз етіп, туыстарымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы бір түйе (астық) өлшеуімізге болады. Негізінен бұл өлшеп әкелгеніміз шамалы” десті.
Verse 66
Әкелері: “Бәрің бір-ақ қолды болып кетпейінше, оны міндетті түрде маған әкелулеріңе байланысты Алланың атымен серт бергенге дейін оны сендермен бірге жібере алмаймын” деді. Сөйтіп олар, әкелеріне серт берген сәтте, әкелері: “Алла айтқанымызға уәкіл” деді.
Verse 67
Балаларына: “Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. Онымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан еш нәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” деді.
Verse 68
Олар, әкелерінің әмірінше, кірген болса да олардан Алланың тақдырынан ешнәрсені кетіре алмайтын еді. Бірақ Яғқұп (Ғ.С.) көңліндегі бір хажетін ғана атқарған болды. Өйткені ол, біз үйреткендіктен білім иесі еді. Алайда, оны адамдардың көбі білмейді.
Verse 69
Олар Юсыптың жанына кіргенде, Юсып туысын (Бінямынды) өз қасына алып: “Мен, сенің ініңмін. Олардың істегендеріне кейіме” деді.
Verse 70
Юсып (Ғ.С.) олардың нәрселерін қамдағанда, су ыдысын өз туысының жүгінің ішіне қойып, олар жүрген соң бір айғайшы: “Әй керуенші! Сендер анық ұрысыңдар!” деп айғайлады.
Verse 71
ﭡﭢﭣﭤﭥ
ﭦ
Олар, бұларға бұрылып: “Не нәрсе жоғалттыңдар?”, - деді.
Verse 72
Бұлар: “Патшаның су ыдысын жоғалттық. Оны әкелген кісіге бір түйе жүк сыйлық бар. Әрі мен оған жауаптымын” деді.
Verse 73
Олар: “Аллаға ант етеміз. Расында бұл жерге бұзақылық үшін келмегенімізді әрине білдіңдер. Сондай-ақ біз ұры емеспіз” деді.
Verse 74
ﮁﮂﮃﮄﮅﮆ
ﮇ
Бұлар: “Егер өтірікші болсаңдар, оның жазасы не?”, - деді.
Verse 75
Олар: “Оның жазасы, кімнің жүгінен шықса, сонда оның өзі жазалы. Біз залымдарды осылайша жазалаймыз” деді.
Verse 76
Өз туысының жүгінен бұрын олардың жүгін тінте бастап, сонсоң оны туысының жүгінен шығарды. Осылайша Юсыпқа әдіс үйреттік. Өйткені, Алла қаламайынша патшаның заңында туысын алып қала алмас еді. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.
Verse 77
Олар: “Егер бұл ұрлық қылса, әрине туысы да бұрын ұрлық қылған болатын” деді. Сонда Юсып (Ғ.С.) ол сөзді жүрегінде сақтап, оларға әшкерелемеді. (Ішінен): “Сендер тағы жаман орындасыңдар. Алла айтқандарыңды жақсы біледі” деді.
Verse 78
Олар: “Әй қожайын! Бұның кәрі әкесі бар. Сондықтан оның орнына бірімізді ал. Шын мәнінде біз сені игілік істеушілерден көреміз” деді.
Verse 79
(Юсып Ғ.С.): “Нәрсемізді жанынан тапқан адамнан басқаны алып қалудан алудан Аллаға сиынамыз. Біз ол уақытта анық залымдардан боламыз” деді.
Verse 80
Олар, Юсыптан күдер үзген сәтте, оңашаланып кеңесті. Олардың үлкені: “Білмейсіңдер ме? Расында әкелерің сендерге байланысты Алланың атымен серт алған. Сондай-ақ бұрын Юсып жайында орасан айыптысыңдар. Сондықтан маған әкем рұхсат бергенге немесе мен үшін Алла бір үкім қылғанға (өлгенге) дейін осы жерден әсте айрылмаймын. Ол Алла үкім етушілердің ең жақсысы” деді.
Verse 81
“Сендер әкелеріңе қайтыңдар да: Әй әкеміз! Шын мәнінде ұлың ұрлық қылды. Біз білгенімізге ғана айғақпыз. Сондай-ақ біз көместі білмейміз деңдер.”
Verse 82
“Ал біз ішінде болған қаладан және бізге кездескен керуеннен сұра. Сөз жоқ, біз шын айтамыз”
Verse 83
(Яғқұп Ғ.С.): “Олай емес. Сендерді нәпсілерің бір іске қызықтырған екен. Енді маған көркем сабыр керек. Бәлкім Алла олардың бәрін маған келтірер. Өйткені, Ол толық білуші, хикмет иесі” деді.
Verse 84
(Яғқұп Ғ.С.) олардан теріс айналып: “Ой қайран Юсып!”, - деп күйіктен көздері ағарып, сонда ол қасіреттеніп іштей тынды.
Verse 85
Олар, әкелеріне: “Аллаға ант етеміз. Күйіктен ерігенге немесе типыл болғанға дейін Юсыпты жоқтай бересің” деді.
Verse 86
(Яғқұп Ғ.С.): “Мен күйзелісімді де күйінішімді де Аллаға ғана шағамын. Әрі Алладан сендер білмеген нәрсені білемін” деді
Verse 87
“Әй ұлдарым! Барыңдар да Юсыпты және туысын іздестіріңдер! Сондай-ақ Алланың мәрхаметінен күдер үзбеңдер. Өйткені, Алланың рахметінен, қарсы болған қауым ғана күдер үзеді...”
Verse 88
Олар, Юсып (Ғ.С.) қа барып, кірген сәтте: “Әй қожайын! Бізге және семьямызға ашарылық тиді. Онымен қатар мардымсыз бір нәрсемен келдік. Сонда да толық өлшеп бер. Тіпті бізге садақа да бер. Күдіксіз Алла, садақа берушілерді сыйлайды” деді.
Verse 89
(Юсып Ғ.С.): “Сендер білместіктен Юсыпқа және туысына не істегендеріңді білесіңдер ме?”, - деді.
Verse 90
Олар: “Сен өзің шын Юсыпсың ба?”, - деді. “Мен Юсып мынау туысым. Расында Алла бізге игілік қылды. Шын мәнінде кім Алладан сақсынса, сабыр етсе, күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды” деді.
Verse 91
Олар: “Аллаға ант етеміз. Рас Алла сені бізге ықпалды етті. Өйткені, біз күнәкар едік” деді.
Verse 92
(Юсып Ғ.С.): “Бүгін сендерге сөгіс жоқ. Алла сендерді жарылқайды. Ол мейірімділердің ең мейірімдісі” деді.
Verse 93
“Енді мына жейдемді апарып, әкемнің бетіне қойыңдар; көзі көруге келеді. Біртұтас үй-іштеріңмен маған келіңдер” деді.
Verse 94
Керуен Мысырдан айрылып шыққан кезде, олардың әкесі (Яғқұп Ғ.С.): “Егер алжыды демесеңдер шын мәнінде мен Юсыптың исін алып отырмын” деді.
Verse 95
ﯸﯹﯺﯻﯼﯽ
ﯾ
Ел: “Аллаға ант етеміз. Әрине сен бұрыңғы жан-сақтықтасың” деді.
Verse 96
Шүйіншіші келген сәтте, жейдені Яғқұп (Ғ.С.) тың бетіне қоя сала көзі көруге айналды: “Сендерге Алла тарапынан сендер білмейтін нәрсені білемін демеп пе едім?” деді.
Verse 97
Ұлдары: “Әй әкеміз! Біздің күнәларымыздың жарылқануын тіле! Расында біз қателескен едік” деді.
Verse 98
Яғқұп (Ғ.С.): “Сендер үшін Раббымнан жарылқау тілеймін. Өйткені, Ол аса жарылқаушы, ерекше мейірімді” деді.
Verse 99
Олар, Юсып (Ғ.С.) тың қасына барғанда әке-шешесін өз қасына алды да: “Алланың қалауы бойынша Мысырға бейбіт түрде кіріңдер” деді.
Әке-шешесін таққа көтерді. Барлығы Алла үшін сәждеге жығылды. (Юсып Ғ.С.): “Әй әкетайым! Міне бұрыңғы көрген түсімнің жоруы. Рас оны Раббым хақиқатқа шығарды. Сондай-ақ шайтан туыстарым мен менің арамды бұзғаннан кейін, мені абақтыдан шығарып, сахарадан сендерді келтіріп, маған рас игілік етті. Күдіксіз Раббым қалағанына өте мейірімді. Ол толық білуші, хикмет иесі.”
Verse 101
“Раббым маған патшалық бердің және түстердің жоруын үйреттің. Көктер мен жердің жаратушысы, Сен дүние, ахиретте иемсің. Мені бой ұсынған күйде өлтіріп, игілерге қос!”
Verse 102
(Мұхаммед Ғ.С.) саған бұл қиссаны көмес хабарлардан уахи етеміз. Олар іс жүзінде бірлесіп (Юсыпқа) мекерлік жасағанда, жандарында болмаған едің.
Verse 103
ﰇﰈﰉﰊﰋﰌ
ﰍ
Сен, қанша ынтазар болсаң да, адамдардың көбі иман келтірмейді.
Verse 104
(Істегендеріңе) олардан ақы сұрамайсың. Ол Құран бүкіл әлемге тән үгіт.
Verse 105
Көктерде және жерде қаншалаған дәлелбар. Адамдар оған көңіл бөлмей өтеді.
Verse 106
Олардың көбі Аллаға иман келтірмейді. Сондай-ақ олар ортақ қосады.
Verse 107
Ал олар, Алланың баурап алушы азабынан немесе кенеттен сезбеген түрде қияметтің келіп қалуынан қауіпсіз болды ма?
Verse 108
(Мұхаммед Ғ.С.): “Менің жолым осы. Алла жаққа шақырамын. Мен және маған ергендер, ашық дәлел үстінде. Алланы пәктеймін. Сондай-ақ шерік қатушылардан емеспін” де.
Verse 109
Сенен бұрын да кенттердің халқынан өздеріне уақи етіп, еркектерді ғана жібердік. Ал енді олар өздерінен бұрыңғылардың соңының не болғанын жер жүзін кезіп көрмей ме? Әрине ақирет жұрты тақуалар үшін хайырлы, түсінбейсіңдер ме?
Verse 110
Хатте пайғамбарлар күдер үзіп, олар шы мәнінде жасынға шығарылдық деп ойлаған кезде, өздеріне жәрдеміміз келген еді де сонда қалағанымыз құтқарылды. Сондай-ақ бейнетіміз күнәкар қауымнан қайтарылмайды.
Verse 111
Әрине пайғамбарлардың қиссаларында ақыл иелері үшін өнеге бар. Құран бір жасама сөз емес. Бірақ өзінен бұрыңғы кітаптарды растайды. Сондай-ақ иман келтірген ел үшін әр нәрсені ашықтайтын тура жол және игілік.
تقدم القراءة