الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде التغابن сүресінің аудармасы
Verse 1
Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Патшалық Оған тән, мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
Verse 2
Ол сондай сендерді жаратқан Алла. Сонда кейбіреулерің қарсы келесіңдер де кейбіреулерің иман келтіресіңдер. Алла істеген істеріңді толық көруші.
Verse 3
Көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Ол, сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің Сол жақ.
Verse 4
Ол, көктер мен жерде болған нәрселерді біледі. Сондай-ақ жасырғандарыңды да әшкерелегендеріңді де біледі. Әрі көкіректегілерді толық біледі.
Verse 5
Сендерге бұрынғы қарсы болғандардың әңгімесі келмеді ме? Олар істегендерінің жазасын татты. Олар үшін тағы күйзелтуші азап бар.
Verse 6
Бұл, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: "Бізді адам тура жолға сала ма?",- деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Алла, оларға мұхтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мүңсыз, мақтауға лайық.
Verse 7
Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай" де.
Verse 8
Ендеше Аллаға, Елшісіне және Біз түсірген нұрға иман келтіріңдер. Алла (Т.) істегендеріңді толық біледі.
Verse 9
Жиналатын күні; ол күні, сендерді жинайды. Міне сол, кімнің алданғаны ортаға шығатын күн. Кім Аллаға иман келтіріп, ізгі іс істесе; Алла оның жамандығын жояды да оны астарынан өзендер ағатын бейіштерге кіргізеді. Онда олар мәңгі қалады. Осы зор қол жеткендік.
Verse 10
Сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар; міне солар, тозақтық болып, онда мәңгі қалады; нендей жаман орын.
Verse 11
Алладан бұйрықсыз ешбір қайгы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші.
Verse 12
Аллаға да бой ұсыныңдар әрі Елшісіне де бағыныңдар. Егер бет бұрсаңдар, Елшімізге насиқат ету ғана міндет.
Verse 13
Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.
Verse 14
Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Verse 15
Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Үлкен сыйлық Алланың қасындағы. (9-С. 23-А)
Verse 16
Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.
Verse 17
Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар, 57-С. 11-А.) оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.
Verse 18
ﯨﯩﯪﯫﯬ
ﯭ
Көместі де көрнеуді де білуші. Үстем, хикмет иесі.
تقدم القراءة