الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде التغابن сүресінің аудармасы
Verse 1
Аспандардағылар және жердегілер Аллаһты / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптейді. Билік - Онікі әрі мақтау да Оған арналады. Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.
Verse 2
Сендерді жаратқан - Сол / Аллаһ /. Сендердің араларыңда кәпір де бар, әрі сендердің араларыңда иманды да / мүмін де / бар. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.
Verse 3
Ол аспандарды және жерді ақиқатпен жаратты және сендерге түр-тұлға беріп, тұлғаларыңды көркем етті. Әрі қайту да Оған.
Verse 4
Ол аспандар мен жердегі нәрселерді біледі әрі Ол сендердің жасырғандарың мен жариялағандарыңды да біледі. Аллаһ кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
Verse 5
Сендерге бұрыннан сондай күпірлік еткендердің / иманды теріске шығарушылардың / хабары келмеді ме? Олар істерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар.
Verse 6
Бұл, оларға елшілері анық дәлелдермен келген кезде олардың: «Бізді адам тура жолға салады ма?» - деп, күпірлік еткендіктері / қарсы келгендіктері / және теріс бұрылғандықтары себепті. Аллаһ / Оларға / мұқтаж емес. Аллаһ - Бай, Мұқтажсыз, мақтауға лайық.
Verse 7
Күпірлік етушілер / ақиретке сенбегендер / ешқашан тірілтілмейміз деп есептеді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олай емес, Раббыммен ант етемін! әлбетте, қайта тірілтілесіңдер, содан кейін сендерге не істегендеріңнің хабары беріледі. Бұл Аллаһқа оңай»,- деп.
Verse 8
Аллаһқа, Оның елшісіне және Біз түсірген Нұрға / Құранға / сеніңдер. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
Verse 9
Сол күні Ол сендерді Жинау / Қиямет / күні үшін жинайды. Бұл - Тағабун (Бірін - бірі алдаудың белгілі болатын, бірі пайда тауып,бірі ұтылатын) күні. Кім Аллаһқа сенсе және ізгі амал жасаса, Ол оның жамандықтарын кешіреді және оны астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы жетістік.
Verse 10
Ал, сондай күпірлік етіп / қарсы келіп / және Біздің аят-белгілерімізді өтірік санағандар, олар - Отта болатындар. Олар онда мәңгі қалады. Ол баратын орын неткен жаман!
Verse 11
Кез келген қиындық тек Аллаһтың рұқсатымен ғана болады. Кім Аллаһқа сенсе, Ол оның жүрегін тура жолға бұрады. Аллаһ - барлық нәрсені жақсы Білуші.
Verse 12
Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бағыныңдар. Егер теріс бұрылсаңдар, Елшімізге анық жеткізу ғана жүктелген.
Verse 13
Аллаһ, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сондықтан имандылар Аллаһқажүгініп, істерін Оған тапсырсын / тәуекел етсін /.
Verse 14
Ей, иманға келгендер! Негізінде жұбайларыңның және балаларыңның ішінде сендерге жау болатындар бар, олардан абай болыңдар. Егер жазаламай, кең пейілдік танытсаңдар және кешірсеңдер, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Verse 15
Анығында, сендердің мал-дәулеттерің және балаларың бір сынақ. Ал, Аллаһта ұлы сый бар.
Verse 16
Шама-шарықтарың жеткенше Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар! Тыңдаңдар, бойсұныңдар және өздерің үшін қайырлы нәрседен / зекет, садақадан / беріңдер. Кім өзінің сараңдығынан сақталса, міне, солар - мұратына жететіндер.
Verse 17
Егер Аллаһқа көркем қарыз берсеңдер, Ол оны сендерге еселеп арттырып қайтарады және сендерді кешіреді. Әрі Аллаһ - алғысқа бөлеуші, өте Ұстамды, Жұмсақ,
Verse 18
ﯨﯩﯪﯫﯬ
ﯭ
құпия мен айқын нәрсені Білуші бәрінен Үстем, аса Дана.
تقدم القراءة