الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде غافر сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭥ
ﭦ
Ха. Мим.
Verse 2
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
ﭭ
Бұл Кітап бәрінен Үстем, барлық нәрсені Білуші Аллаһтан түсірілген, -
Verse 3
күнәні кешіруші әрі істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтқанды / тәубені / Қабылдаушы, жаза беруде қатты, мол игілік Иесінен. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қайту -Оған.
Verse 4
Ей, Мұхаммед! / Аллаһтың аяттары жөнінде сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / ғана тартысады. Олардың елдерде айналып жүруі сені алдап қоймасын.
Verse 5
Олардан бұрын Нұхтың елі әрі олардан кейінгі / солар секілді / топтар да / елшілерді / жалғанға шығарды. Әрбір үммет өздеріне келген Елшіні ұстауды / өлтіруді )көздеген еді. Олар өтірік арқылы ақиқатты теріске шығару үшін тартысты. Сонда Мен оларды ұстадым / жазаға тарттым /. Менің жазалауым қандай екен?
Verse 6
Міне, осылай күпірлік етушілердің / иманға келмегендердің / Отқа түсетіндігі туралы Раббыңның сөзі шындыққа айналды.
Verse 7
Аршыны көтеріп тұратындар және оның айналасындағылар өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріптеп, мақтайды, Оған сенеді әрі имандылар үшін кешірім сұрап: «Раббымыз! Сенің мейірімің мен білімің әрбір нәрсені ішіне алып қамтыған. Істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтқан / тәубеге келген / және Өзіңнің жолыңа ергендерді кешір әрі оларды Жаһим / тозағының / азабынан сақтай гөр.
Verse 8
Раббымыз! Оларды Өзің уәде еткен ’Адн жәннатының бақтарына кіргіз әрі олардың әкелерінен, жұбайларынан және ұрпақтарынан ізгі болғандарды да. Ақиқатында, Сен бәрінен Үстем, аса Данасың.
Verse 9
Әрі оларды жаман істерден сақта. Сен кімді жаман істерден сақтасаң, сол / Қайта тірілу / күні оған рақым еткен боласың. Міне, осы ұлы жетістік», - дейді.
Verse 10
Ақиқатында, сондай күпірлік етушілерге / иманға келмегендерге / :«Сендер иманға келіңдер деп шақырылып, сонда күпірлік еткен / қарсы келген / кездеріңде Аллаһтың сендерді жек көруі, сендердің өздеріңді / бүгінгі / жек көрулеріңнен үлкен»,- делінеді.
Verse 11
Олар: «Раббымыз! Сен бізді екі рет өлтірдің және екі рет тірілттің. Біз күнәларымызды мойындадық. Енді бізге шығатын жол бар ма?» - дейді.
Verse 12
Бұл - сендерге Аллаһтың бір Өзіне шақырылғанда күпірлік еткендіктерің / иманға келмегендерің / , ал Оған өзгелер серік етіліп қосылса, сенгендіктеріңнің себебінен. Барлық үкім аса Жоғары, өте Үлкен Аллаһтікі.
Verse 13
Ол сондай, сендерге Өзінің белгі-дәлелдерін көрсетеді және аспаннан сендерге ризық түсіреді. Алайда, / Раббысына / қайтушылардан басқалар есіне алмайды.
Verse 14
Сондықтан, дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Аллаһтан тілеңдер. Тіпті кәпірлер жек көргенмен де,
Verse 15
Дәреже-мәртебелері өте жоғары, Аршының иесі Ол Өз әмірімен құлдарының ішінен қалағанына / пайғамбарларға / кездесу Күнін / Қайта тірілу күнін / ескертіп, сақтандыру үшін рух / уахи / түсіреді.
Verse 16
Олар / қабірден / шығарылатын сол / қайта тірілу / күні, Аллаһтан еш нәрсе жасырын қалмайды. / Аллаһ / :«Бүгін билік кімдікі?» — деп сұрайды. / Кейін Өзі жауап береді / :« Жалғыз әрі бәрін Бағындырушы Аллаһтікі» - деп.
Verse 17
Бүгін әрбір жан істеп тапқанының қайтарымын алады. Бүгін әділетсіздік болмайды. Ақиқатында, Аллаһ есеп алуда жылдам.
Verse 18
Ей, Мұхаммед! / Оларға жүректер жұтқыншаққа тығылып, өздері қайғыға батып тұратын жақын Күнді / Қайта тірілу күнін / ескерт. Әділетсіздерге жанашыр дос та, тыңдалатын / айтқаны қабыл болатын / ара түсушісі де болмайды.
Verse 19
ﭲﭳﭴﭵﭶﭷ
ﭸ
Ол көздердің қиянатын және кеуделердің нені жасыратынын біледі.
Verse 20
Аллаһ әділдікпен үкім етеді. Ал олардың / серік қатушылардың / Одан өзге жалбарынатындары ешнәрсе шеше алмайды. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Естуші, барлық нәрсені Көруші.
Verse 21
Олар жер бетінде / сапарлап / жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде соңында қалдырғандарымен мықты еді. Аллаһ оларды күнәлары үшін ұстады / жазалады / және оларды Аллаһтан қорғайтын ешкім болмады.
Verse 22
Мұның себебі - Оларға елшілер анық дәлелдермен келсе де олардың күпірлік етуі / қарсы келуі /. Сонда Аллаһ оларды ұстады / жазалады /. Ақиқатында, Ол бәрінен Қуатты, жазалауда қатты.
Verse 23
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
ﯢ
Біз Мұсаны Өз белгілерімізбен және анық дәлелмен жібердік,
Verse 24
Фиръаун, Һаман және Қарунға. Бірақ олар / оны / :«Сиқыршы әрі өтірікші», -деді.
Verse 25
Ол / Мұса / оларға Бізден ақиқатпен келген кезде, олар: «Онымен бірге иманға келгендердің балаларын өлтіріңдер және әйелдерін тірі қалдырыңдар»,- деді. Бірақ кәпірлердің айла-шарғысы тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес.
Verse 26
Фиръаун: «Мені қалдырыңдар, Мұсаны өлтірейін, қане ол Раббысын шақырсын. Мен оның діндеріңді өзгертуінен не жер бетінде / Мысырда / бұзғыншылық шығаруынан қорқамын», - деді.
Verse 27
Мұса: «Мен Есеп күніне сенбеуші, әрбір өзін жоғары санаушыдан менің Раббым әрі сендердің Раббыңа / Аллаһқа / сиынып, Оның қорқауын сұраймын», - деді.
Verse 28
Фиръаунның әулетінен иманға келгенін жасырып жүрген бір кісі: «Сендер біреуді тек: «Раббым - Аллаһ» дегені үшін өлтіресіңдер ме? Шын мәнінде ол сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлелдермен келді. Егер ол өтірік айтушы болса, өтірігі өз зиянына. Ал, егер шындықты айтса, ол уәде етіп отырғанның кейбірі сендерге келеді. Шын мәнінде, Аллаһ шектен шығушыны әрі өтірікшіні тура жолға салмайды.
Verse 29
Әй, елім! Бүгін билік сендерде, әрі жер бетінде үстем болып тұрсыңдар. Егер бізге Аллаһтың жазасы келсе, одан бізді кім құтқарады?» - деді. Фиръаун: «Мен сендерге өзім / қажет, жөн деп / білгенімді көрсетемін әрі сендерді тек дұрысжолға бастаймын», - деді.
Verse 30
Сонда иманға келген кісі: «Әй, елім! Мен сендерге, / алдыңғы өздеріңдей / қауымдарға түскен күннің келуінен қорқамын, -
Verse 31
Нұх елі, Ад пен Сәмүд елдері және олардан кейінгілердің жағдайы сияқты болуынан. Аллаһ құлдарына әділетсіздік етуді қаламайды.
Verse 32
ﯶﯷﯸﯹﯺﯻ
ﯼ
Әй, елім! Мен сендер үшін бірі-біріне үн қататын Күннен қорқамын.
Verse 33
Ол күні сендер арттарыңа бұрылып қашасыңдар. Сендерді Аллаһтан қорғаушы болмайды. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ.
Verse 34
Сендерге / Мұсадан / бұрын Йусуф те анық дәлелдермен келген еді, бірақ сендер оның өздеріңе әкелгеніне үнемі күмәнда болдыңдар. Ал, ол қайтыс болғанда, сендер: «Аллаһ одан кейін Елші жібермейді», - дедіңдер. Аллаһ осылай шектен шығушыны, күмәнданушыны адастырады.
Verse 35
Өздеріне Аллаһтың белгілері жөнінде дәлел келмесе де тартысатындар Аллаһтың алдында және иманға келгендердің алдында өте жек көрінішті. Аллаһ әрбір өзін жоғары санаушының, өктемшілдің жүрегін осылай мөрлеп, жауып тастайды.
Verse 36
Фиръаун: «Ей, Һаман! Маған биік бір мұнара тұрғыз. Бәлкімжолдарға жетермін -
Verse 37
аспандардағы жолдарға. Сөйтіп Мұсаның құдайын көрермін. Әлбетте, мен оны өтірікші деп ойлаймын», - деді. Осылай Фиръаунға істерінің жамандығы / жаман істері / көркем көрсетіліп әрі ол жолдан тосылып шығарылды. Фиръаунның айла-шарғысы тек зиян-қасіреттен өзге ешнәрсе емес.
Verse 38
Иманға келген кісі: «Әй, елім! Маған еріңдер, мен сендерді тура жолға бастаймын.
Verse 39
Әй, елім! Бұл өмір - бар болғаны уақытша ғана пайдаланатын нәрсе, ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет /- түпкілікті тұрақтау мекені.
Verse 40
Кім бір жамандық істесе, онда оған қайтарымы ретінде соның өзіндей ғана / жаза / беріледі. Иманға келген күйде ізгі амал жасаған ерлер мен әйелдер, міне солар жәннатқа кіреді әрі ол жерде есепсіз ризыққа бөленеді.
Verse 41
Әй, елім! Мен қалайша сендерді құтылуға шақырмаймын, сендер мені тозаққа шақырғанда?
Verse 42
Сендер мені Аллаһқа күпірлік етуге / қарсы келуге / және Оған, ол жайлы білімім болмаған нәрсені серік етіп қосуға шақырасыңдар. Ал мен сендерді бәрінен Үстем , көп Кешірушіге шақырамын.
Verse 43
Шын мәнінде сендердің мені шақырған нәрселерің / ойдан құрастырған құдайларың / дүниеде де, соңғы, мәңгілік өмірде де / ақиретте / бірнәрсе сұрауға лайықты емес. Әрі күмәнсіз, қайтуымыз -Аллаһқа. Әрі сөзсіз, шектен шыққандар, олар - Отқа түсетіндер.
Verse 44
Жақында сендер осы айтқандарымды еске аласыңдар. Мен ісімді Аллаһқа тапсырамын. Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші»,- деді.
Verse 45
Аллаһ оны олардың айла-шарғыларының жамандықтарынан қорғады. Ал фиръаундықтарды жаман азап орап алды, -
Verse 46
Ол - от. Олар таңертең және кешке қарай оған кігізіледі. Ал, Сағат / Қайта тірілу / келген күні: «Фиръаундықтарды азаптың ең ауырына кіргізіңдер!» - делінеді.
Verse 47
Әрі олар Оттың ішінде тартысып, әлсіз, нашарлары өздерін жоғары санағандарға: «Біз сендерге еріп едік. Енді сендер бізден Оттың бір бөлігін кетіре аласыңдар ма?» - дейді.
Verse 48
Өздерін жоғары санағандар: «Біз бәріміз оның / тозақтың / ішіндеміз. Ақиқатында, Аллаһ құларының арасына үкім шығарып қойған», - дейді.
Verse 49
Әрі Оттың / тозақтың / ішіңдегілер Жаһаннам күзетшілеріне: «Өздеріңнің Раббыңнан сұраңдаршы, бізге азаптан бір күн жеңілдетсін», - дейді.
Verse 50
Олар / күзетші періштелер / :«Сендерге елшілерің анық дәлелдермен келген жоқ па еді?» дейді. / Тозақтағылар / :«Иә, / келген / », - дейді. Олар: «Онда өздерің тілеңдер. Бірақ кәпірлердің тілегі тек адасушылықтан басқа ешнәрсе емес», - дейді.
Verse 51
Ақиқатында, Біз елшілерімізге әрі иманға келгендерге осы өмірде де, әрі куәлар тұратын күні де жәрдем береміз.
Verse 52
Ол күні әділетсіздерге сылтау айтып, ақталулары пайда бермейді. Оларға лағнет болады әрі оларға тұрақтың жаманы / тозақ / болады.
Verse 53
Әрі Біз Мұсаға жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / 1975 бердік және Исраил ұрпақтарын Кітапқа мұрагер еттік-
Verse 54
ﮆﮇﮈﮉ
ﮊ
ақыл иелеріне тура жол және еске салу / ескерту / етіп.
Verse 55
Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі хақ. күнәң үшін кешірім тіле әрі кешке және таңертең Раббыңа мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте.
Verse 56
Ақиқатында, Аллаһтың аят-белгілеріне қатысты өздеріне ешбір дәлел келмесе де тартысатындардың кеуделерінде тек менмендік-тәкаппарлық бар. Олар дегендеріне жете алмайды. Сен Аллаһқа сиынып, өзіңді қорғауын тіле. Ақиқатында, Ол бәрін Естуші , бәрін Көруші.
Verse 57
Аспандарды және жерді жарату адамдарды жаратуға қарағанда, сөзсіз, әлдеқайда үлкен. Алайда, адамдардың көбі білмейді.
Verse 58
Соқыр мен көре алатын тең бола алмайды. Сондай-ақ иманға келген және ізгі амал жасаушылар мен жамандық істеуші де. Сендер қандай аз еске аласыңдар.
Verse 59
Ақиқатында, Сағат / Қайта тірілу күні / сөзсіз келеді, онда күмән жоқ. Бірақ адамдардың көбі сенбейді.
Verse 60
Сендердің Раббың: «Мені шақырыңдар / Менен сұраңдар / , жауап беремін / тілектеріңді қабыл етемін /. Ақиқатында, Маған Құлшылық етуден өздерін жоғары санағандар, жақында қор болған күйлерінде Жаһаннамға кіреді», - деді.
Verse 61
Сендерге түнді - онда тынығуларың үшін, ал күндізді жарық етіп жасаған - Сол Аллаһ. Ақиқатында Аллаһ, адамдар үшін кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс, ризалық білдірмейді / ?
Verse 62
Міне, осы Аллаһ - барлық нәрсенің Жаратушысы, сендердің Раббың. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда, сендер қайда бұрылып барасыңдар?!
Verse 63
Аллаһтың аяттарын теріске шығарғандар да осылай кері бұрғызылады / адастырылады /.
Verse 64
Аллаһ, Ол сендерге жерді тұратын мекен, ал аспанды құрылым етіп жасады. Ол сендердің кескін-келбеттеріңді қалыптастырып, тұлғаларыңды кемелдендіріп, көркем етті. Әрі Ол сендерге түрлі игіліктерден ризық берді. Міне, осы Аллаһ сендердің Раббың. Әлемдердің Раббысы Аллаһ - аса Берекелі.
Verse 65
Ол әл-Хайй / мәңгі Тірі / , Одан басқа ешбір құдай жоқ. Оған дінді ықыласпен ұстанған / серік қосу, риядан тазартқан / күйде, тек Одан ғана тілеңдер. Барлық мақтау -әлемдердің Раббысы Аллаһқа.
Verse 66
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Маған Раббымнан анық дәлелдер келген кезде, сендердің Аллаһтан өзгеге шақырғандарыңа табынуым тыйым салынды. Әрі әлемдердің Раббысына бойсұнуға бұйырылдым», - деп.
Verse 67
Ол сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / Адамның ұрпақтарын / тамшы ұрық суынан, содан кейін ұйыған қаннан жаратты. Содан соң Ол сендерді / аналарыңның жатырынан / нәресте етіп, кейін толысып жетілулерің, одан соң қартайып кәрі болуларың үшін шығарады, Сендердің іштерінде одан алдын қайтыс болатындар да бар, сөйтіп бәрің де белгіленген бір мерзімге жетулерің үшін. Бүл жайлы ақылдарыңды істетіп, ұғынарсыңдар.
Verse 68
Ол тірілтеді және өлтіреді. Қашан Ол бір іске шешім қабылдаса, оған: «Бол!» -
десе, сонда ол болады.
десе, сонда ол болады.
Verse 69
Ей, Мұхаммед! / Сен Аллаһтың аяттары жөнінде таласып-тартысқандарды көрмедің бе? Олар қайда бұрылып барады?!
Verse 70
Солар Кітапты және елшілеріміз арқылы жібергендерімізді өтірікке шығарғандар. Жақында олар біледі,
Verse 71
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
ﮜ
мойындарына бұғаулар мен шынжырлар салынғанда. Оларды сүйретіп,
Verse 72
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
ﮣ
қайнап тұрған суға / тартады / , ал кейін отта жандырады.
Verse 73
Содан кейін оларға: «Сендердің серік етіп қосқандарың қайда,
Verse 74
Аллаһпен қатар?» - делінеді. / Серік қосушылар / :«Олар бізден жоқ болып кетті. Негізінде, біз бұрын ешнәрсеге табынған емеспіз», - дейді. Аллаһ кәпірлерді осылай адастырады.
Verse 75
Бұл сендердің жер бетінде орынсыз мәз болып, масайрап және өздеріңді жоғары қойғандықтарың үшін.
Verse 76
Жаһаннам қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер. Өздерін жоғары санайтындардың орны неткен жаман!
Verse 77
Ей, Мұхаммед / / Енді сабыр ет! Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі - хақ. Біз саған Оларға уәде еткеніміздің кейбірін көрсетсек те немесе саған өлім берсек те, бәрібір олар Бізге қайтарылады.
Verse 78
Біз сенен бұрын да елшілер жібергенбіз. Олардың ішінде Біз саған хабарын бергендеріміз де бар, әрі олардың ішінде Біз саған хабарын бермегендеріміз де бар. Ешбір Елші Аллаһтың рұқсатынсыз бір де бір аят-белгі әкелген жоқ. Аллаһтың әмірі келген кезде, ақиқатпен үкім етіліп, жалғанға шығарушылар зиян шегеді.
Verse 79
Аллаһ сендерге малдарды жаратты. Олардың кейбірін мінулерің, ал кейбірін азықтануларың үшін.
Verse 80
Әрі сендер үшін оларда пайдалар бар және олармен көңілдеріңдегі қажеттеріңе жетулерің үшін. Сондай-ақ сендер оларда және кемелерде тасымалданасыңдар.
Verse 81
ﮋﮌﮍﮎﮏﮐ
ﮑ
Әрі Ол сендерге Өз белгілерін көрсетеді. Аллаһтың қай белгісін теріске шығарасыңдар.
Verse 82
Олар / иманға келмегендер / жер бетінде жүрмеді ме, өздерінен бұрынғылардың ақыры қалай болғанын / немен біткенін / көрмеді ме? Олардың бұларға қарағанда күш-қуаты және жер бетінде артында қалдырғандары мықты еді. Олар бұларға қарағанда көбірек еді және күш-қуатымен әрі жер бетінде артында қалдырған іздерімен де мықты еді. Бірақ тапқандары оларға пайда бермеді.
Verse 83
Оларға елшілер анық дәлелдермен келгенде, олар өздеріндегі бар білімге мәз болып, масаттанды. Сонда оларды, өздері мазақ етіп күлген нәрселері орап алды / бастарына жетті /.
Verse 84
Олар Біздің азабымызды көргенде: «Біз Аллаһтың жалғыз Өзіне сендік және Оған серік етіп таңғандарымыздан бас тартамыз», - деді.
Verse 85
Алайда олардың азабымызды көрген кезде иманға келулері өздеріне пайда бермеді. Аллаһтың құлдарына қатысты бекіткен жолы / заңдылығы / осындай. Міне, сонда кәпірлер зиянға ұшырады.
تقدم القراءة