الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الملك сүресінің аудармасы
Verse 1
Билік қолында болған Ол - аса Берекелі әрі Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.
Verse 2
Ол өлім және өмірді сендердің қайсыларың амал етуде жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан. Әрі Ол - аса Үстем, өте Кешірімді,
Verse 3
Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан - Сол / Аллаһ /. Әр-Рахманның / аса Қайырымдының / жаратуында ешбір кемшілік көрмейсің. Қайта көз салшы, қандай да бір сәйкессіздік көре аласың ба?!
Verse 4
Содан кейін де көзіңді қайта сал. Көзің саған қажып, талған күйде қайтады.
Verse 5
Ақиқатында Біз төменгі аспанды шырақтармен / аспан денелерімен / безендірдік әрі оларды шайтандарды қайтаратын нәрсе еттік. Әрі Біз оларға / шайтандарға / Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабын әзірледік.
Verse 6
Сондай-ақ өздерінің Раббысына, сондай күпірлік еткендерге / сенбегендерге / Жаһаннам (Тозақ) азабы бар. Ол - баратын орын неткен жаман!
Verse 7
Олар / имансыздар / онда лақтырылған кезде, оның өкіргенін естиді, әрі ол бұрқылдап қайнап тұрады.
Verse 8
Ол қатты ашудан жарылып кете жаздайды. Оған бір топ лақтырылған сайын, оның сақшылары олардан: «Сендерге ескертуші келмеген бе еді?» - деп сұрайды.
Verse 9
Олар: «Иә, солай, бізге ескертуші келген еді. Бірақ біз оны өтірікші санап: «Аллаһ еш нәрсе түсірмеген. Сендер бар болғаны үлкен адасудасыңдар», - дегенбіз», - дейді.
Verse 10
Әрі олар: «Егер де біз тыңдағанымызда не ақылымызды істеткенде, Саъирға (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) түскендер қатарында болмас едік», - дейді.
Verse 11
ﯷﯸﯹﯺﯻ
ﯼ
Сөйтіп олар күнәсін мойындайды. Саъирға түскендер құрысын!
Verse 12
Шын мәнінде, өздерінің Раббысынан, Оны көрмей тұрып қорқатындарға кешірім әрі үлкен сый / Жәннат / бар.
Verse 13
Сендер сөздеріңді жасырсаңдар да, не оны жарияласаңдар да, әлбетте, Ол - көкіректердегіні / жүректердегіні / Білуші.
Verse 14
Бәрін Жаратқан білмей ме?! Әрі Ол - аса Жұмсақ, Қырағы, әрбір нәрседен Хабардар.
Verse 15
Ол сендерге жерді көнгіш / пайдалануға жеңіл / етті. Оның / жердің / жан-жағында / барлық тарабында / жүріңдер және Оның / Аллаһтың / ризық еткенінен жеңдер. Әрі қайта тірілгеннен кейін Оған ораласыңдар.
Verse 16
Аспандағының / Аллаһтың / сендерді жерге, теңселіп тұрған кезінде жұттырып жіберуінен қауіпсізсіңдер ме?
Verse 17
Немесе сендер, аспандағының / Аллаһтың / өздеріңе тасты дауыл жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Жақында сендер ескертуімнің қалай екенін білесіңдер.
Verse 18
Ақиқатында, олардан бұрынғылар да өтірікке шығарған еді. / Сонда / Менің жазалауым қалай болды?!
Verse 19
Олар өздерінің үстінде қанаттарын жаятын және жинайтын кұстарды көрмей ме?! Оларды / ауада / әр-Рахманнан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол - әрбір нәрсені Көруші.
Verse 20
Сендердің әр-Рахманнан басқа жәрдем беретін жасақтарың кім / олар бар ма / ? Шын мәнінде, кәпірлер тек алданышта.
Verse 21
Егер Ол ризық беруін тоқтатса, сендерге кім ризық береді? Ақиқатында, олар қасарысуда және безулерін жалғастыруда.
Verse 22
Жүзімен жер сүзіп жүрген тура жолда ма, әлде түзу жолда еңсесін тіктеп жүрген бе?
Verse 23
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ол - сендерді жоқтан бар етті және сендерге естуді, көруді және жүректерді берді. Сендер өте аз шүкір етесіңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне тым аз алғыс білдіресіңдер / », - деп.
Verse 24
Айт: «Сендерді жер бетіне таратқан - Сол / Аллаһ / , әрі сендер Оған жиналасыңдар», - деп.
Verse 25
Олар / сенбейтіндер / :«Егер шын сөзді болсаңдар, бұл уәде қашан / келеді / ?»- дейді.
Verse 26
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Шын мәнінде / ол жайлы / білім - тек Аллаһта. Ал, мен - анық ескертуші ғанамын», - деп.
Verse 27
Ал, оны / Есеп күнін / жақыннан көрген кезде, күпірлік еткендердің / Есеп күнін өтірікке шығарғандардың / жүзі түнеріп кетеді. Оларға: «Міне, осы сендердің сұрағандарың!» - делінеді.
Verse 28
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Айтыңдаршы, егер Аллаһ мені және менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе бізді мейіріміне бөлесе де, кәпірлерді күйзелтуші азаптан кім қорғайды?!» - деп.
Verse 29
Айт: «Ол - әр-Рахман / аса Қайырымды / , біз Оған сендік әрі Оған жүгініп, ісімізді Оған тапсырдық / тәуекел еттік /. Сендер жақында кімнің анық адасуда екенін білесіңдер», - деп.
Verse 30
Айт: «Айтыңдаршы, егер суларың жер астына сіңіп кетсе, сендерге ағатын су көзін кім келтіреді?!» - деп.
تقدم القراءة