الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الجن сүресінің аудармасы
Verse 1
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жындардың бір тобының тыңдағаны маған уахи етілді, сонда олар: «Ақиқатында, біз бір ғажап Құранды естідік.
Verse 2
Ол тура жолға салады. Біз оған сендік. Енді Раббымызға ешкімді серік етіп қоспаймыз.
Verse 3
Әрі күдіксіз, Раббымыздың ұлылығы - өте жоғары. Ол Өзіне жұбай да, бала да алған емес.
Verse 4
Ал біздің ішіміздегі жетесіз / Ібіліс / Аллаһ жөнінде шектен шыққан сөз айтатын еді.
Verse 5
Ақиқатында, біз адамдар да, жындар да Аллаһ жөнінде ешқашан өтірік айтпайды деп ойлаған едік.
Verse 6
Адамдардың ішіндегі кейбір кісілер жындардың ішіндегі кейбір еркек жындардан пана сұрап, олардың менменсіп, басынуларын арттыратын еді.
Verse 7
Әрі олар да сендер сияқты «Аллаһ ешқашан, ешкімді қайта тірілтпейді», - деп ойлаған еді.
Verse 8
Анығында, біз аспанға шыққанымызда, оны / аспанды / қатаң күзетшілер мен отты ұшқындар толы түрде таптық.
Verse 9
Әрі расында, біз оның / аспанның / кейбір жайларында тыңдау үшін отыратын едік. Ал, енді кім тыңдамақшы болса, сол сәтте-ақ ол өзін көздеген отты ұшқынға кезігеді.
Verse 10
Шын мәнінде, біз білмейміз, жер бетіндегілерге жамандық көзделді ме әлде оларға өздерінің Раббысы тура жолды қалады ма?
Verse 11
Ақиқатында, біздің арамызда түзулер де бар және арамызда одан өзгелер де бар. Біз түрлі жолдарда едік.
Verse 12
Негізінде, біз Аллаһты / Оның құдіретін / жерде ешқашан әлсірете алмайтынымызды және қашып та Оны / Оның азабын! ешқашан әлсірете алмайтынымызды білдік.
Verse 13
Әрі біз тура жолды естіген соң, оған сендік. Кім Раббысына сенсе, ол / жақсылығының / кемуінен де, әділетсіздіктен де қорықпайды.
Verse 14
Ақиқатында, біздің арамызда мұсылмандар / бойсұнушылар / да бар және арамызда ауытқығандар бар. Кім бойсұнса, міне, солар туралықты ұстанған болады.
Verse 15
ﭝﭞﭟﭠﭡ
ﭢ
Ал, ауытқығандар Жаһаннамға отын болады»,- деді.
Verse 16
Егер олар / ауытқығандар / жолда тура / дұрыс / тұрғандарында, онда Біз оларды мол сумен қамтамасыз етер едік,
Verse 17
сонымен оларды сынау үшін. Кім Раббысының Еске салуынан / Құраннан / бет бұрса, Ол оны ауыр азапқа салады.
Verse 18
Әрі ақиқатында, мешіттер Аллаһтікі. Аллаһпен қатар ешкімді шақырмаңдар / құлшылық етпеңдер / ?
Verse 19
Әрі шын мәнінде, Аллаһтың құлы Оған дұға қылып тұрған кезінде, олар / жындар / үсті-үстіне үймелеп, оның үстіне түсе жаздады.
Verse 20
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шын мәнінде, мен тек Раббымнан ғана тілеймін, Оған ешкімді серік етіп қоспаймын», - деп.
Verse 21
Айт: «Ақиқатында мен сендерге зиян да тигізе алмаймын әрі тура жолға салу билігіне де ие емеспін», - деп.
Verse 22
Айт: «Ақиқатында мені ешкім Аллаһтан қорғай алмайды әрі мен де Одан басқа бір қорғаныш-пана таба алмаймын.
Verse 23
Мен тек Аллаһтан жіберілгенді әрі Оның тапсырғанын жеткіземін. Енді кім Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы келсе, әлбетте, оған Жаһаннам оты бар. Олар онда мәңгі қалады», - деп.
Verse 24
Олар өздеріне уәде етілгенді көрген сәтте, кімнің жәрдемшілерінің әлсіз және саны аз екенін біледі.
Verse 25
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге уәде етілген нәрсе жақын ба, әлде Раббым оғанұзақ мерзім белгіледі ме, білмеймін», - деп.
Verse 26
Ол - ғайыпты Білуші. Өзінің ғайып еткенін ешкімге білдірмейді,
Verse 27
тек, Өзі разы болған елшілерге ғана / білдіреді /. Сонда оның алдынан да, артынан да күзетушілер / қорғаушылар / қойып қояды, -
Verse 28
олардың / елшілердің / Раббысының жібергендерін жеткізгендігін білу үшін. Ол олардағыны / барлық нәрсені / қамтыған және әрбір нәрсені санап, есептеп қойған.
تقدم القراءة