الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الجاثية сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭑ
ﭒ
Ха. Мим.
Verse 2
ﭓﭔﭕﭖﭗﭘ
ﭙ
Бұл Кітап бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан түсірілген.
Verse 3
ﭚﭛﭜﭝﭞﭟ
ﭠ
Ақиқатында, аспандарда және жерде имандылар үшін белгі-ғибраттар бар.
Verse 4
Әрі сендерді жаратуда және Оның барлық жаны барды / жаратып, оларды / таратуында анық сенетін адамдар үшін белгі-дәлелдер бар.
Verse 5
Сондай-ақ, түн мен күндіздің алмасуында, Аллаһтың аспаннан ризық / жаңбыр / түсіруінде, онымен / жаңбырмен / жерді тіршіліксіз қалғанынан / өлгенінен / кейін жандандыруында және желдерді бағыттауында ақылын істетіп, үғынатын адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
Verse 6
Ей, Мұхаммед! / Бүл / Құран / Аллаһтың аят-белгілері, оны саған ақиқатпен оқимыз. Сонда Аллаһтан және Оның аят-белгілерінен кейін олар қай сөзге сенеді?!
Verse 7
ﮎﮏﮐﮑ
ﮒ
Әрбір өтірікші күнәһарғаүлкен қасірет бар!
Verse 8
Ол өзіне оқылған Аллаһтың аяттарын естіп, содан кейін оны естімегендей, менменсіне қасарысады. / Ей, Мұхаммед! / Міне, соларды күйзелтуші азаппен «сүйіншіле».
Verse 9
Ал, қашан ол Біздің аят-белгілерімізден бірнәрсені білсе, оны келеке етеді. Міне, соларға қорлаушы азап бар.
Verse 10
Олардың артынан Жаһаннам бар. Оларға істеп тапқандары да, Аллаһтан өзге қамқоршы етіп алғандары да ешбір пайда бермейді. Әрі оларға үлкен азап болады.
Verse 11
Бұл / Құран / — жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық /. Ал, өздерінің Раббысының аяттарына сондай күпірлік еткендерге / теріске шығарғандарға / күйзелтуші азаптан ауыр жаза болады.
Verse 12
Аллаһ сендерге теңізді, онда Оның әмірімен кемелердің жүзуі әрі сендер Оның кеңшілігін іздеулерің және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін бағындырды.
Verse 13
Әрі Ол сендерге аспандардағы және жердегі нәрселерді бағындырды. Мұның барлығы да - Одан. Анығында, мұндаақылға салып ойланатын адамдар үшін белгілер бар.
Verse 14
Ей, Мұхаммед!! Иманға келгендерге айт: «Аллаһ адамдарға істегендеріне сай қайтарым жазасын беретін болғандықтан, олар Оның күндерін / сыйын, сауабынР201 үміт етпейтіндерге / имансыздарға / кешіріммен қарасын», - деп.
Verse 15
Кім ізгі амал жасаса, өзінің пайдасына. Ал кім жамандық істесе, өзінің зиянына. Кейін сендер, өздеріңнің Раббыңа қайтарыласыңдар.
Verse 16
Біз Исраил ұрпақтарына Кітап, патшалық / үкім / және пайғамбарлықты бердік, оларға таза / жақсы / нәрселерден ризық бердік әрі оларды әлемдерден артық еттік.
Verse 17
Әрі Біз оларға іс / дін / жайлы анық белгі-дәлелдер бердік. Олар өздеріне білім келген соң ғана, бір-біріне деген ашу-ызадан / күншілдіктен / қайшылыққа түсті. Ақиқатында, Раббың Қайта тірілу күні олардың тартысқан нәрселеріне қатысты үкім етеді.
Verse 18
Ей, Мұхаммед! / Содан кейін сені істе / дінде / шариғат жолына салдық. Енді соған ер және білмейтіндердің көңіл құмарлықтарына ерме.
Verse 19
Анығында, олар сені Аллаһтан қорғай алмайды. Негізінде, әділетсіздер - бір-біріне жолдас. Ал, Аллаһ - тақуалардың / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардың / Қамқоршысы.
Verse 20
Бұл / Құран / адамдар / адамзат / үшін анық көрінетін белгі-дәлел және айқын сенетін адамдар үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / әрі мейірім.
Verse 21
Әлде жамандық істегендер - Біз оларды иманға келген әрі ізгі амал жасағандар секілді етеді деп және осы өмірде және өлімнен кейін оларды бірдей етеді деп есептей ме? Олардың пайымдағаны неткен нашар!
Verse 22
Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен, әрі әрбір жан істеген амалына жараса қайтарым алуы үшін жаратты. және Оларға әділетсіздік етілмейді.
Verse 23
Құмарлықтарын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Аллаһ оны, оған білім келгеннен кейін адастырды және есту мүшесі мен жүрегін мөрлеп қойды әрі көзін перделеді. Аллаһтан кейін оны кім тура жолға сала алады? Еске алмайсыңдар ма?
Verse 24
Әрі олар: «Бұл - дүние тіршілігіміз ғана. Біз өлеміз және өмір сүреміз әрі бізді уақыттан басқа ешнәрсе өлтірмейді», деді. Ал оларда бұл жайында ешбір білім жоқ. Олар тек жорамалдайды.
Verse 25
Ал, қашан оларға анық аяттарымыз оқылған кезде, олардың: «Егер шын сөзді болсаңдар, аталарымызды келтіріңдер», - дегеннен басқа уәждері болмайды.
Verse 26
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ сендерді тірілтеді, кейін өлтіреді, содан соң сендерді болуы күмәнсіз, Қайта тірілу күні жинайды. Бірақ адамдардың көбі білмейді», - де.
Verse 27
Аспандардың және жердің билігі - Аллаһта. Сағат / Қайта тірілу / болатын сол күні - өтірікке шығарушылар зиян шегеді.
Verse 28
Ей, Мұхаммед!! Сен әрбір үмметті тізерлеген күйінде көресің. Әрбір үммет өз Кітабына шақырылады. / Оларға!: «Бүгін сендер істеп өткен амалдарыңның қайтарымын аласыңдар.
Verse 29
Бұл кітабымыз / амал кітабы! сендерге қарсы ақиқатты сөйлейді. Өйткені Біз сендердің істеген әрбір амалдарыңды жазуды бұйырғанбыз», - делінеді.
Verse 30
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, олардың Раббысы Өз мейіріміне кіргізеді. Міне, осы - анық жетістік.
Verse 31
Ал, сондай күпірлік еткендерге / иманнан теріс бұрылғандарға / :«Сендерге аяттарым оқылған жоқ па еді? Сонда сендер өздеріңді жоғары санадыңдар және қылмыскер адам болдыңдар».
Verse 32
Сендерге!: «Аллаһтың уәдесі шын әрі Сағатта / Қайта тірілу күнінде / күмән жоқ», - делінсе: «Біз Сағаттың не екенін білмейміз. Бізде ол туралы түрлі ойлар бар әрі оған айқын сеніміміз жоқ», - деп едіңдер» - делінеді.
Verse 33
Сонда істеген жамандықтары олардың алдынан шығып әрі өздері мазақ еткен нәрселері оларды орап алады.
Verse 34
Оларға/: «Осы Күнге жолығудыұмыт қалдырғандарыңдай / естен шығарғандарындай / , Біз де бұл Күні сендерді ұмыт қалдырамыз. Сендердің орындарың От болады әрі сендерге көмектесушілер болмайды.
Verse 35
Бұл сендерге, Аллаһтың аят-белгілерін мазақ етіп күлгендіктерің әрі бұл өмірдің сендерді қызықтырып, алдап қойғандығы себепті болды», - делінеді. Енді бүгін олар ол жерден шығарылмайды әрі олардан / тәубеге келіп, Аллаһтың / ризалығын алу талап етілмейді.
Verse 36
Барлық мақтау - аспандардың Раббысы, жердің Раббысы әрі әлемдердің Раббысы - Аллаһқа.
Verse 37
Аспандар мен жердегі ұлылық - Онікі. Әрі Ол бәрінен Үстем , аса Дана.
تقدم القراءة