الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الأحزاب сүресінің аудармасы
Verse 1
Ей, Пайғамбар! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтан және кәпірлер мен мұнафиқтарға бағынба. Ақиқатында, Аллаһ бәрін Білуші , аса Дана.
Verse 2
Әрі Раббыңнан өзіңе уахи етілгенге ер. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан әлбетте, Хабардар.
Verse 3
Әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр / тәуекел ет /. Аллаһ - сенім артылушы, қорғаушы / Уакил / ретінде жеткілікті.
Verse 4
Аллаһ адам үшін оның ішінде екі жүрек жасаған жоқ. Әрі Ол зиһар еткен / аналарыңа ұқсату арқылы өздеріңе тыйым салған / әйелдеріңді сендерге аналарың етпеді және Ол асырап алған балаларыңды да өз / бел / балаларың етпеді. Бұл тек ауызекі айтқан сөздерің. Ал Аллаһ шындықты айтады әрі Ол тура жолмен жүргізеді.
Verse 5
Оларды / асыранды балаларды / өз әкелерімен атаңдар. Бұл, Аллаһтың алдында әділділірек. Егер олардың әкелерін білмесеңдер, онда олар діндегі бауырларың әрі дос-жақындарың. Сендерге ол жөнінде қателескендерің үшін күнә жоқ, егер тек жүректеріңмен әдейі ниеттенген болмасаңдар. Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Verse 6
Пайғамбар имандыларға олардың өздерінен де жақын. Ал, оның жұбайлары олардың аналары. Аллаһтың жазуында / үкімінде / мүміндерге және муһажирлерге / қоныс аударғандарға / қарағанда туыстар бір-біріне жақын. Бірақ достарыңа жақсылық істеулерің басқа. Бұл / үкім / Кітапта жазылған.
Verse 7
Ей, Мұхаммед! / Міне, кезінде Біз пайғамбарлардан серт алдық әрі сенен және Нұхтан және Ибраһимнен және Мұсадан әрі Мәриямның ұлы Исадан. Біз олардан қатаң серт алдық,
Verse 8
сөйтіп, шын сөзділерден олардың адалдықтары туралы сұрау үшін. Әрі Ол кәпірлерге күйзелтуші азап әзірледі.
Verse 9
Ей, иманға келгендер! Аллаһтың өздеріңе жасаған игілігін естеріңе алыңдар. Сонда сендерге әскерлер келген кезде, Біз Оларға қарсы жел және сендер көрмейтін әскер жібердік. Аллаһ не істеп жатқандарыңды Көруші.
Verse 10
Сол кезде олар сендерге жоғарғы және төменгі жақтарыңнан келген еді. Сонда көздерің шарасынан шығып, жүректерің алқымға жетіп, сендер Аллаһ жайында түрлі ойға барған едіңдер.
Verse 11
ﮖﮗﮘﮙﮚﮛ
ﮜ
Сол жерде имандылар / мүміндер / сыналып, олар қатты сілкініспен шайқатылды.
Verse 12
Әрі сонда мұнафиқтар мен жүректерінде дерті барлар: «Аллаһ және Оның Елшісінің бізге берген уәдесі тек бос нәрсе / алдау / ғана екен»,- деді.
Verse 13
Сол кезде олардың бір тобы / мұнафиқтар / :«Ей, Ясриб тұрғындары! Сендер қарсы тұра алмайсыңдар! Сондықтан қайтыңдар!» деді. Олардың тағы бір тобы / иманы әлсіздері / :«Үйлеріміз ашық, қорғансыз қалды», - деп, Пайғамбардан сұрануда еді. Негізінде үйлері қараусыз қалмаса да олар / соғыстан / қашуды ғана қалады.
Verse 14
Ал егер / жау / оған жан-жағынан кіріп, сонан соң олардан бүлік / діндерінен қайту / талап етілсе, олар сәл кідіргені болмаса, көп бөгелмей оған барар / келісер / еді.
Verse 15
Негізінде, олар бұрын арттарына бұрылып кетпеуге / қашпауға / Аллаһқа серт берген еді. Ал, Аллаһқа берілген серт сұралады.
Verse 16
Ей, Мұхаммед И Айт: «Егер өлімнен не біреудің өлтіруінен қашсаңдар да, қашу сендерге еш пайда бермейді. Ондай жағдайда сендерге аз ғана пайдалану беріледі», -деп.
Verse 17
Айт: «Егер Аллаһ сендерге жамандық қаласа, сендерді Аллаһтан кім қорғайды немесе егер Ол мейірім етуді қаласа / кім тоса алады / », - деп. Олар өздеріне Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды.
Verse 18
Аллаһ сендердің араларыңнан / соғысудан / тосушыларды және бауырларына: «Біз жаққа келіңдер!» - деп айтатындарды біледі. Олар соғысқа өте аз ғана қатысады,
Verse 19
сендерге / олжаны / сараңдық еткен күйде. Қашан оларға қауіп төнсе, олардың саған көздері төңкеріліп, өздерін өлім есірігі басқандай қарағанын көресің. Ал қауіп-қатер кеткенде, жақсылыққа / олжалар бөлінгенде / 2411 сараңдық етіп, сендерге ащы тілдерін тигізіп ренжітеді. Олар иманға келмеді, сөйтіп Аллаһ олардың амалдарын зая кетірді. Бұл Аллаһқа жеңіл.
Verse 20
Олар одаққа біріккендерді / жау әскерін / кетпеді деп ойлайды. Егер одақ құрғандар / әскері / тағы келсе, олар көшпелі бәдәуилердің арасында болып, сендердің хабарларың жайлы сұрап тұруды қалайды. Егер де олар сендердің араларында болса, азынан басқасы соғыспас еді.
Verse 21
Сендерге - Аллаһқа және Ақирет күніне үміт ететіндер әрі Аллаһты көп еске алғандарға - Аллаһтың Елшісінде көркем үлгі-өнеге бар.
Verse 22
Имандылар / мүміндер / бір одаққа біріккендерді / жауды / көрген кезде: «бұл Аллаһтың және Оның елшісінің бізге уәде еткені. Аллаһ және Оның Елшісі шындықты айтты», - деді. Бұл олардың иманын және бойсұнуын ғана арттырды.
Verse 23
Имандылардан Аллаһқа берген серттерін адал ұстанатындар бар. Олардың кейбірі сертін орындады, ал кейбірі күтіп жүр. Олар / серттерін / еш өзгертпеді.
Verse 24
Мұның барлығы / Аллаһтың шын сөзділерге адалдықтары үшін қайтарым сый беруі, ал мұнафиқтарды Өз қалауы бойынша не жазалауы, не оларды Өзіне бойсұнуға қайтаруы / тәубеге келтіруі / үшін. Ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Verse 25
Әрі Аллаһ күпірлік етушілерді / мұсылманға қарсы одақтастарды / ызаланған кейіптерінде / Мединадан / кері қайтарды және олар игілікке жете алмады. Әрі Аллаһ имандыларды / мүміндерді / шайқастан құтқарды. Аллаһ өте Күшті, бәрінен Үстем.
Verse 26
Әрі Ол Кітап берілген қауымнан оларға / одақтастарға / көмек бергендерді қамалдарынан шығарды және олардың жүректеріне үрей салды. Сендер / олардың / бір тобын өлтіресіңдер, ал бір тобын тұтқынға аласыңдар.
Verse 27
Әрі Ол сендерге олардың жерін, үйлерін және мал-мүліктерін әрі өздерің аяқ баспаған жерлерді мұра етіп берді. Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.
Verse 28
Ей, Пайғамбар! жұбайларыңа айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сәнін қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге пайдаланатын біраз дүние беріп, көркем түрде жіберейін.
Verse 29
Ал егер Аллаһты, Оның Елшісін және мәңгілік соңғы өмір / ақирет / мекенін қаласаңдар, ақиқатында Аллаһ сендерден ықыласпен жақсылық істеуші әйелдерге ұлы сый / Жәннат / әзірлеген»,- деп.
Verse 30
Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендерден кім жиіркенішті іс / күнә / істесе, оған азап екі есе арттырылады. бұл Аллаһқа жеңіл.
Verse 31
Ал, кім сендерден Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса әрі ізгі амал істесе, оның сыйын екі есе етіп береміз әрі оған құрметті ризық / Жәннатты / дайындадық.
Verse 32
Ей, Пайғамбардың әйелдері! Сендер / басқа / әйелдердің бірі секілді емессіңдер. Егер тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / сөйлегендеріңде жұмсақ болмаңдар, өйткені ол / олай сөйлесу / жүрегінде дерті бар біреуге түрткі болып дәмелендіреді. / Шариғатта / құпталғанға сай сөз сөйлеңдер.
Verse 33
Әрі үйлеріңде отырыңдар және алдыңғы / исламға дейінгі / надандық кезеңінде ашық жүрген секілді ашылмаңдар / көріктеріңді ашпаңдар /.Ш9Намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар, зекетті беріңдер және Аллаһқа әрі Оның Елшісіне бойсұныңдар. / Ей, Пайғамбардың / үй іші! Аллаһ сендерден ластықты кетіруді және сендерді толық тазартуды ғана қалайды.
Verse 34
Әрі үйлеріңде Аллаһтың аяттарынан және даналықтан оқылғанды еске алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ өте Жұмсақ, Мейірбан, бәрінен Хабардар.
Verse 35
Ақиқатында Мұсылман / бойсұнушы / ерлер және Мұсылман әйелдерге, мүмін / иманды / ерлер және мүмін әйелдерге, бағынушы ерлер және бағынушы әйелдерге, шын сөзді / сөзін амалымен растаушы / ерлер және шын сөзді әйелдерге, сабыр етуші ерлер және сабыр етуші әйелдерге, / Аллаһқа / беріле бойсұнушы ерлер және / Аллаһқа / беріле бойсұнушы әйелдерге, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдерге, ораза тұтушы ерлер және ораза тұтушы әйелдерге, ұятты жерлерін / еркектік пәктігін / қорғаушы ерлер және / әйелдік пәктігін / қорғаушы әйелдерге, Аллаһты көп еске алушы ерлер және / Аллаһты көп / еске алушы әйелдерге Аллаһ кешірім әрі ұлы сый / жәннатты / дайындады.
Verse 36
Аллаһ және Оның Елшісі қашан бір іске үкім етсе, ешбір иманды ер мен иманды әйелге ол істі өз білгеніне, таңдауға салуына болмайды. Ал кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнбаса, онда анық адасуға түсті.
Ей, Мұхаммед! / Міне, кезінде сен Аллаһ оған игілік бергенге әрі өзің де игілік еткенге: «Әйелінді өзіңде ұста әрі Аллаһтан / Оның тыйымдарынан / қорқып, сақтан», - дедің. Аллаһ саған / уахи етіп / анық білдіргенді ішіңде жасыруда әрі адамдардың / дұрыс түсінбеуінен / қорқуда едің. Алайда қорқуыңа бәрінен де Аллаһ лайықты. Зәйд ол әйелде одан қажетін бітірген / онымен айрылысқан / 2498кезде, Біз сені оған / Зәйнабқа / үйлендірдік. / бұл / имандыларға / мүміндерге / , асырап алған балалары әйелдерінен қажетін аяқтаған / айрылысқан / кезде, Оларға қатысты ешбір айып болмауы үшін. Аллаһтың бұйрығы міндетті түрде орындалады.
Verse 38
Пайғамбарға Аллаһтың оған міндеттеген нәрсесінде еш айып жоқ. Бұл Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты жолы. Әрі Аллаһтың әмірі - алдын ала белгіленген бір шешім.
Verse 39
Олар / пайғамбарлар / Аллаһтың жібергенін жеткізетіндер әрі Аллаһтан ғана қорқып, Одан басқа ешкімнен қорықпайтындар. Ал, Аллаһ есеп жүргізуде жеткілікті.
Verse 40
Мұхаммед сендерден ешбір ер кісілердің әкесі емес, бірақ, Аллаһтың Елшісі әрі пайғамбарлардың соңы. Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.
Verse 41
Ей, иманға келгендер! Аллаһты жиі-жиі, көп еске алыңдар,
Verse 42
ﰂﰃﰄ
ﰅ
әрі таңертең және кешке Оны дәріптеңдер.
Verse 43
Ол сендерді қараңғылықтардан жарыққа шығару үшін сендерге мейірім етеді, әрі Оның періштелері де / сендерге салауат айтады /. Ол имандыларға ерекше Мейірімді.
Verse 44
Олардың Онымен / Аллаһпен / жолығатын күнгі амандасулары: «Сәлам / Амандық болсын / !» - / сөзі /. Ол оларға көркем, мол сый дайындаған.
Verse 45
Ей, Пайғамбар! Біз сені куә, қуандырушы және ескертуші етіп жібердік.
Verse 46
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
ﭩ
Әрі Аллаһтың рұқсатымен Оған шақырушы және нұрлы / жарық түсіруші / шырақ етіп / жібердік /.
Verse 47
Имандыларды / мүміндерді / олар үшін Аллаһтан үлкен кеңшілік бар екендігімен сүйіншіле.
Verse 48
Кәпірлерге және мұнафиқтарға бағынба және олардың тигізген зәбірлерін елеме, әрі Аллаһқа жүгініп, ісіңді Оған тапсыр / тәуекел ет /. Аллаһ - сенім артылушы, қорғаушы / Уакил / ретінде жеткілікті.
Verse 49
Ей, иманға келгендер! Сендер иманды әйелдерді некелеріңе алып, кейін Оларға қосылмай тұрып талақ берсеңдер, сендер үшін олардың міндетінде өздерің есептейтін ешқандай идда / күту мерзімі / жоқ. Оларға біраз дүние беріңдер де көркем түрде жіберіңдер.
Ей, Пайғамбар! Біз сен үшін мәһрлерін берген жұбайларыңды, Аллаһ саған тарту етіп берген қол астындағы күңдеріңді әрі сенімен бірге қоныс аударғанәкеңнің аға-інілерінің қыздарын, әкеңнің әпке-қарындастарының қыздарын, анаңның аға-інілерінің қыздарын, анаңның әпке-сіңлілерінің қыздарын әйелдікке алуды рұқсат еттік. Сондай-ақ өзін Пайғамбарға / мәһрсіз / тарту еткен, иманды әйелді де, егер, пайғамбар оған үйленгісі келсе / рұқсат еттік /. Алайда бұл барлық имандыларға емес, тек саған ғана қатысты. Біз оларға / иманға келгендерге / әйелдеріне және қол астарындағы күңдеріне қатысты нені парыз еткенімізді білеміз. Бұл саған ешбір жайсыздықтың болмауы үшін / рұқсат етілді /. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
Verse 51
Сен жұбайларыңнан қалағаныңды кейінге қалдырып әрі өзің қалағанды жаныңа ала аласың. Кейін қалдырғандарыңнан кімді қаласаң да саған күнә жоқ. Бұл олардың көзайым болуына, қамықпауларына және барлығының да сенің тарту еткендеріңе риза болуларына ең жақыны. Аллаһ сендердің жүректеріңдегіні біледі. Аллаһ бәрін Білуші / ’Алим / , аса Ұстамды, Жұмсақ / Халим /.
Verse 52
Бұдан кейін саған басқа әйелдерге / үйлену / және сұлулықтары таң қалдырса да оларды жұбайларыңның бірімен ауыстыруға / біріне талақ беріп, орнына басқасын алуға / рұқсат жоқ. Бірақ қол астыңдағы күңдерің бұдан тыс. Аллаһ - барлық нәрсені Бақылаушы.
Ей, иманға келгендер! Пайғамбардың үйлеріне кірмеңдер, тек өздеріңе тамақ жеуге рұқсат етілгенде болмаса, бірақ / тамақтың / дайын болуын күтіп, алдын ала кірмеңдер. Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеп болсаңдар, әңгімені созбай дереу тарқаңдар. Бұларың Пайғамбарға жайсыздық тудырады, алайда ол сендерден ұялады. Ал, Аллаһ шындықтан / оны түсіндіруден / ұялмайды. Егер олардан / әйелдерінен / бір нәрсе сұрасаңдар, онда перденің арғы жағында тұрып сұраңдар. Осы - сендердің жүректерің үшін әрі олардың жүректері үшін де ең тазасы. Сендерге Аллаһтың Елшісін ренжітулеріңе және одан кейін оның әйелдеріне ешқашан үйленулеріңе болмайды. Ақиқатында, бұлай етулерің Аллаһтың алдында өте үлкен / күнә /.
Verse 54
Егер бір нәрсені әшкере етсеңдер де немесе оны жасырсаңдар да, әлбетте Аллаһ барлық нәрсені Білуші.
Verse 55
Оларға / пайғамбардың әйелдеріне / әкелерінің, ұлдарының, аға-інілерінің, аға-інілерінің ұлдарының, әпке-сіңлілерінің балаларының, мұсылман әйелдері және қол астарындағы күндерінің алдында / жамылғысыз / жүрулерінде күнә жоқ. Тақуалық етіңдер / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтаныңдар! / Ақиқатында, Аллаһ әрбір нәрсеге куә.
Verse 56
Аллаһ Пайғамбарды мейіріміне бөлейді және Оның періштелері де оған жақсылықтар тілейді. Ей, иманға келгендер! Сендер де оған салауат айтыңдар және амандық тілеп сәлем беріңдер.
Verse 57
Анығында, Аллаһты және Оның Елшісін ренжіткендерді, Аллаһ бұл дүниеде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / қарғысқа ұшыратты әрі оларға қорлаушы азап әзірледі.
Verse 58
Ал, иманды ерлерді және иманды әйелдерді жазықсыз түрде ренжіткендер жала мен анық күнәні арқалайды.
Verse 59
Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және имандылардың әйелдеріне айт: жаулықтарын үстеріне түсіріп жапсын. Бұл олардың танылуына жақын. Сөйтіп олар қорлыққа ұшырамайды. Әрі Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
Verse 60
Егер мұнафиқтар әрі жүректерінде ауруы барлар және Мединада өсек тарататын арандатушылар тыйылмаса, сені оларға қарсы шығарамыз. Сонда олар онда / Мединада / сенімен бірге тек.аз-ақ уақыт тұрады,
Verse 61
қарғысқа ұшыраған түрде. Олар / сонда / қай жерде табылмасын, ұсталып, өлімге кесіліп өлтіріледі.
Verse 62
Аллаһтың бұрынғы өткендерге де қатысты үкімі / осы /. Аллаһтың / бекіткен / үкіміне еш өзгеріс таппайсың.
Verse 63
Ей, Мұхаммед! / Адамдар сенен Сағат / Есеп күні / туралы сұрайды. Айт: «Оның білімі Аллаһта», - деп. Қайдан білесің, мүмкін Сағат жақын шығар?
Verse 64
Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерді лағнеттеді / мейірімінен алыстатты / және Саъирды (жалындаған от) әзірледі,
Verse 65
олар онда мәңгі қалады да, не қорғаушы, не көмек беруші таппайды.
Verse 66
Сол күні беттері от ішінде аударылғанда олар: «Әттең, егер біз Аллаһқа бойсұнсақ және Елшіге бағынсақ еді!» - дейді.
Verse 67
олар: «Раббымыз! Біз басшыларымыз бен үлкендерімізге бағынған едік, олар бізді жолдан адастырды.
Verse 68
Раббымыз! Оларға азапты екі есе етіп бер және оларды үлкен лағнетке ұшырат», - дейді.
Verse 69
Ей, иманға келгендер! Сендер Мұсаны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Аллаһ оны олардың айтқандарына / жалаларына / қатысы жоқ екенін көрсетті. Ол Аллаһтың алдында қадірлі еді.
Verse 70
Ей, иманға келгендер! Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар және тура сөз сөйлеңдер.
Verse 71
Сонда / Ол амалдарыңды оңғарады әрі күнәларыңды кешіреді. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, сол ұлы жетістікке жетті.
Verse 72
Ақиқатында Біз аманатты аспандарға, жерге және тауларға ұсындық, сонда олар оны міндетіне алудан бас тартты және одан / оны орындай алмауынан / қорықты. Ал оны адам арқалады / өз міндетіне алды / ,- өйткені ол әділетсіз, надан / жауапкерсіз /.
Verse 73
Осылай болуы! Аллаһтың мұнафиқ ерлерді және мұнафиқ әйелдерді әрі Аллаһқа серік қосушы ерлерді және серік қосушы әйелдерді азаптауы үшін, ал иманды ерлер және иманды әйелдердің істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі / үшін /. Әрі Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
تقدم القراءة