الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الفرقان сүресінің аудармасы
Verse 1
Әлемдерге / насихат етіп / ескертуші болуы үшін Өз құлына Фұрқанды / Құранды / түсірген Ол -аса Берекелі.
Verse 2
Аспандардың және жердің билігі - Онікі әрі Ол ешбір бала иемденбеді және билікте Оның ешбір серігі болмады. Әрі ол әрбір нәрсені жаратып, оны өлшеп белгіледі.
Verse 3
Ал олар / мүшріктер / ешнәрсе жарата алмайтын, / керісінше / өздері - жаратылған, әрі өздеріне зиян не пайда келтіру билігіне ие емес және өлтіруге, өмір беруге әрі қайта тірілтуге де иелік ете алмайтын өзгелерді Оның орнына құдайлар етіп алды.
Verse 4
Әрі күпірлік етушілер / Құранды мойындамаушылар / :«бұл / Құран / - бар болғаны, ойдан шығарған өтірік қана. Әрі бұл істе оған басқа адамдар көмектескен»,- деді. Сөйтіп, олар әділетсіздік жасады және өтірік айтты.
Verse 5
Сондай-ақ олар: « / Бұл / - бұрынғылардың ертегілері. Ол мұны жазғызып алған әрі бұл оған таңертең және кешке оқылып тұрады», - деді.
Verse 6
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Мұны / Құранды / аспандар мен жердегі құпияны білетін түсірді. Күмәнсіз, Ол - кешірімді, мейірімді», - деп.
Verse 7
Әрі олар: «Тамақ жейтін және базарларда жүретін бұл неғылған Елші? Оған бір періште түсіріліп әрі ол онымен бірге ескертуші болса еді?
Verse 8
Немесе оған бір қазына тасталмай ма? Не оның бір бағы болып, ол одан өзі жесе еді?» -деді. Әрі әділетсіздер: «Сендер сиқырланған бір адамға ғана еріп жүрсіңдер», - деді.
Verse 9
Ей, Мұхаммед! / Қара! Олар саған мысалдарды қалай келтіреді. Олар осылай адасты, енді олар жол таба алмайды.
Verse 10
Ол / Аллаһ / аса Берекелі, егер қаласа, саған бұдан / олардың айтқанынан / жақсысын -астынан өзендер ағып жататын бақтарды және сарайлар жасап береді.
Verse 11
Жоқ! / Негізінде / олар Сағатты / Қияметті / жалған санады. Ал Біз, Сағатты жалған деушілер үшін Саъирді әзірледік.
Verse 12
Қашан ол / тозақ / оларды алыс жердей көргеннен, олар оның / ашу-ызамен / бұрқылдағанын әрі өкірік үнін естиді.
Verse 13
Ал, олардың қолдары мойындарына байланып, / тозақтағы / тар орынға тасталған кезде, ол жерде олар өздерінің жойылып кетуін тілейді.
Verse 14
Оларға / :«Сендер бүгін жойылуды бір рет қанатілемеңдер, коп жойылуды тілеңдер», -делінеді.
Verse 15
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Осы жақсы ма, әлде тақуаларға / Аллаһқа бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанатындарға / уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма? Бұл олар үшін / істегендерінің / қайтарымы әрі қайтар орны», - деп.
Verse 16
Олар онда / жәннатта / мәңгі қалып, оларға онда қалаған нәрселері бар. Бұл - Раббың міндетіне алған, ол туралы / құлдары / тілейтін уәде.
Verse 17
Әрі ол күні оларды / мүшріктерді / және олардың Аллаһпен қатар табынғандарын жинап оларға: «Мына құлдарымды сендер адастырдыңдар ма, әлде жолдан өздері адасты ма?» - дейді.
Verse 18
Олар / олардыңтабынғандары / :«Сен - / барлық кемшіліктен / пәксің. Бізге сенен басқаларды Ие етіп алуға болмайды. Алайда Сен оларды және ата-бабаларын қамтамасыз еттің / пайдаландырдың / , олар тіпті еске алуды / ескертуді / ұмытты. Олар құритын ел еді», - дейді.
Verse 19
Серік қосушыларға / :«Олар / табынған заттарың / сендердің айтқандарыңды өтірікке шығарды. Енді сендер / жазаны / бұрып жіберуге де әрі / өздеріңе / көмек беруге де әлдерің келмейді. Сендерден кім әділетсіздік істесе, оған үлкен азапты таттырамыз», - делінеді?
Verse 20
Ей, Мұхаммед! / Сенен бұрын Біз жіберген елшілер де тамақ жейтін және базарларда да жүретін еді. Біз кейбіріңді кейбіріңе сынақ еттік, / осыған / сабырлық танытасыңдар ма? Раббың барлық нәрсені Көруші.
Verse 21
Бізге жолығуды үміт етпегендер: «Бізге періштелер түсірілгенде немесе біз Раббымызды көрсек еді?» - дейді. Олар менменсіп, өздерін жоғары санады және үлкен қарсылықпен шектен шықты.
Verse 22
Олар періштелерді көретін / қайтатірілу / күні сол күні - күнәһарлар үшін ешқандай қуанышты хабар болмайды. Сонда / періштелер / оларға: «Тыйым салынды», -дейді.
Verse 23
Біз олар істеген әрбір амалға келеміз де оны шашылған тозаңға айналдырамыз.
Verse 24
Бұл күні жәннаттықтар ең жақсы тұрақ жайларда әрі ең көркем тынығатын орындарда болады.
Verse 25
Ол Күні аспан сетінеп бұлттармен айрылады және періштелер түсіріледі.
Verse 26
Сол күні хақ билік - әр-Рахманда / аса Қайырымдыда /. Кәпірлер үшін ол ауыр күн болады.
Verse 27
Ол күні әділетсіз / адам / қолдарын тістеп: «Қап, әттең! Елшімен бірге / оған еріп / , бір жолды ұстанған болсам еді!
Verse 28
ﮣﮤﮥﮦﮧﮨ
ﮩ
Қап, сорым құрысын! Пәленшені өзіме жақын дос етіп алмағанымда еді!
Verse 29
Маған Еске салу / Құран / келгеннен кейін, ол / имансыз досым / мені / Құраннан / бұрып адастырды», - дейді. Ақиқатында, шайтан, адамды көмексіз тастап кетеді.
Verse 30
Әрі Елші: «Раббым! Қауымым бұл Құранды шет қалдырды»,- деді.
Verse 31
Осылай әрбір пайғамбарға Біз, бұзықтардан жау шығарғанбыз. Сенің Раббың тура жолмен жүргізуде және көмек беруде жеткілікті.
Verse 32
Ал, күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / :«Оған Құран бірден түсірілсе еді?» - деді. Біз, жүрегіңді онымен орнықтыру үшін оны осылай түсірдік және оны бөліп, ретімен / анық етіп / оқып бердік.
Verse 33
Ей, Мұхаммед! / Олар саған қандай да бір мысал келтірсе, Біз саған ақиқатты әрі ең жақсы / мән-мағынасын ашатын / түсіндірмені келтіреміз.
Verse 34
Сондай, Жаһаннамға беттерімен сүйретіліп жиналатындар, олар ең жаман орындағылар және жолдан қатты адасқандар.
Verse 35
Әрі Біз Мұсаға Кітапты бердік, онымен бірге, бауыры Һарұнды көмекші еттік.
Verse 36
Әрі / Оларға / :«Екеуің Біздің белгілерімізді өтірік санаған елге барыңдар»,-дедік. Кейін оларды / фиръаундықтарды / жойып, жоқ еттік.
Verse 37
Нұхтың елін де, олар елшілерді өтірікші санаған кездерінде суға батырдық және оларды адамдарға бір белгі-ғибрат еттік. Әділетсіздер үшін Біз күйзелтуші азап әзірледік.
Verse 38
Сондай-ақ Ад және Сәмүд елдерін, әр-Расс тұрғындарын әрі олардың арасындағы көп ұрпақтарды да / жойдық /.
Verse 39
Әрі Біз олардың әрбіріне тәмсіл, мысалдар келтірдік және / сенбегендердің / барлығын құртып, жойып жібердік.
Verse 40
Әрі олар / мүшріктер / пәлекет жаңбыры жаудырылған мекеннің қасынан өтетін еді. Сонда олар көрмеді ме оны? Жоқ! Олар қайта тірілуді үміт етпеді.
Verse 41
Ей, Мұхаммед! / Олар сені көрген кездерінде келеке етіп: «Аллаһтың Елші етіп жібергені мынау ма?
Verse 42
Егер біз құдайларымызға байланысты табандылық танытпағанымызда, ол бізді олардан тайдыруға жақын қалған еді», дейді. Азапты көрген кездерінде, олар жолдан кімнің адасқанын біледі.
Verse 43
Ей, Мұхаммед! / Өзінің құмарлығын өзіне құдай етіп алғанды көрдің бе? Сен ол үшін жауапкер боласың ба?
Verse 44
Әлде сен олардың көпшілігі тыңдай алады, не ақылдарын істетіп ұғына алады деп ойлайсың ба? Негізінде олар, бар болғаны малдар тәрізді. Жоқ! Олар - жолдан қатты адасушы.
Verse 45
Раббыңның көлеңкені қалай созғанын көрмедің бе? Егер Ол қалағанда, оны / көлеңкені / тұрақты етер еді. Сөйтіп күнді оған белгі-дәлел еттік.
Verse 46
ﭳﭴﭵﭶﭷ
ﭸ
Кейін оны Өзімізге қарай біртіндеп жинаймыз.
Verse 47
Әрі Ол / Аллаһ / сендерге түнді - жамылғы, ұйқыны - тынығу етті және күндізді - / жан-жаққа / таралу еткен.
Verse 48
Және Ол / Аллаһ / Өз мейірімінің / жаңбырдың / алдында желдерді қуанышты хабар ретінде жіберді. Әрі аспаннан таза су түсірдік,
Verse 49
онымен өлі аймақтарды тірілтіп және Өзіміз жаратқандардан көптеген малдар мен көптеген адамдарды сумен қамтамасыз етуіміз үшін.
Verse 50
Әрі олар еске алулары үшін, Біз оны / жаңбыр суын / араларына бөлдік. Бірақ адамдардың көпшілігі күпірліктен / игіліктерді теріске шығарудан / басқасын қаламайды.
Verse 51
Егер де қаласақ, әрбір елді мекенге ескертуші жіберетін едік.
Verse 52
Ей, Мұхаммед! / Сен кәпірлерге бағынба және олармен ол / Құран / арқылы үлкен күрес жүргіз.
Verse 53
Әрі Ол / Аллаһ / бірі сүйкімді - тұщы, ал бірі тұзды - ащы екі теңізді қосты және екеуінің арасына бөгет пен өте алмайтын тосқауыл орнатты.
Verse 54
Әрі Ол адамзатты судан / ұрық суынан / жаратып, оны / әке жағынан / туыстар және / неке жағынан /жекжатетті. Сенің Раббың - барлық нәрсеніЖасай алушы.
Verse 55
Ал, олар Аллаһтан өзге, өздеріне пайда да келтіре алмайтын, зиян да жеткізе алмайтын нәрселерге табынады. Анығында, кәпір - өзінің Раббысына қарсы көмектесуші.
Verse 56
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
Ей, Мұхаммед! / Біз сені жақсы хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп қана жібердік.
Verse 57
Айт: «Мен сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, тек кім қаласа Раббысына апаратын жол ұстансын» - деп.
Verse 58
Ешқашан өлмейтін, мәңгі Тіріге / әл-Хаййға / жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет / және Оған мақтаулар айтып, / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте. Ал құлдарының күнәларын білуде Ол / Оның Өзі / жеткілікті.
Verse 59
Ол аспандар мен жерді әрі екеуінің арасындағыларын алты күнде жаратты, кейін Аршыға көтерілді. Ол әр-Рахман / аса Қайырымды /. Ол туралы бәрінен Хабардардан / Хабирден / сұра.
Verse 60
Ал, қашан оларға: «Әр-Рахманға сәжде етіңдер» -делінсе, олар: «Әр-Рахман деген не? Біз сен бұйырғанға сәжде ете береміз бе?» - дейді әрі бұл олардың безінуін арттырады.
Verse 61
Аса Берекелі Ол, аспанда шоқжұлдыздарды орнатты, әрі онда шырақ / күн / және сәулеленген айды жасады.
Verse 62
Әрі Ол / Аллаһ / еске алуды және шүкір етуді / Өзінің берген игіліктеріне алғыс білдіруді / қалағандар үшін түн мен күндізді бір-бірінің артынан келетін етіп жасады.
Verse 63
Әрі әр-Рахманның құлдары жер бетінде кішіпейілдікпен сыпайы жүріп, оларға надандар тіл тигізсе: «Сәләм / Тыныштық болсын / !» - деп айтатындар,
Verse 64
ﯟﯠﯡﯢﯣ
ﯤ
және түндерін өздерінің Раббысына / намазда / сәжде жасап және тік тұрып / қиямда / өткізетіндер,
Verse 65
және: «Раббымыз! Жаһаннам азабын бізден бұр. Ақиқатында оның азабы тұрақты.
Verse 66
ﯲﯳﯴﯵ
ﯶ
Шын мәнінде, ол - тұрақтың және орынның ең жаманы!» - дейтіндер.
Verse 67
Әрі олар / дүниелерін / жұмсағандарында ысырап та қылмай және сараңдық та етпей, осының арасында тура болатындар.
Verse 68
Және олар Аллаһпен қатар басқа құдайға жалбарынбайтындар, Аллаһ / өлтіруге / тыйым салған жанды өлтірмейтіндер, тек заңды түрде болмаса. Әрі зина жасамайтындар. Ал мұны істеген, қайтарым жазасын алады.
Verse 69
Оған Қайта тірілу күні азап бірнеше есе арттырылады әрі ол онда қор болып, мәңгілік қалады,
Verse 70
алайда, кім істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубе етсе / әрі иманға келсе және ізгі амал жасаса, олар басқа. Аллаһ олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
Verse 71
Ал, кім күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтса / тәубеге келсе / және ізгі амал жасаса, міне сол, шын мәнінде Аллаһқа қайтқан болады.
Verse 72
Әрі олар / әр-Рахманның құлдары -/ өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің / пайдасыз боссөздермен істердің / жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді,
Verse 73
және солар - өздерінің Раббысының аяттары естеріне салынғанда, оған керең және соқыр күйде жығылмайды,
Verse 74
және солар:«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың / Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың / алды ете гөр», - дейтіндер.
Verse 75
Оларға сабыр еткендіктері үшін қайтарым сый ретінде Жәннаттағы жоғарғы орындар беріледі. Олар ол жерде сәлеммен және амандықпен қарсы алынады.
Verse 76
ﯜﯝﯞﯟﯠﯡ
ﯢ
Олар онда мәңгі қалады. Ол мекен әрі тұрақ жай ретінде қандай жақсы.
Verse 77
Ей, Мұхаммед! / Айт / мүшріктерге / :«Егер тілек, сиынуларың / Аллаһқағанаарналғанқұлшылықтарың / болмаса, Раббым сендерге қарамайды. Сендер өтірікке шығардыңдар, енді / сендерге азап / міндетті түрде болады», - деп.
تقدم القراءة