سورة الحاقة

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي кітабынан الكازاخية тілінде الحاقة сүресінің аудармасы

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

Verse 1
Әл-Хаққа / міндетті түрде болатын /.
Verse 2
«Міндетті түрде болатын», - деген не?
Verse 3
Ей, Мұхаммед! / Әрі «Міндетті түрде болатынның» не екенін саған не білдірді?
Verse 4
Сәмұд және Ад елдері «Қариъаны» / Қиямет күнін / өтірік санады.
Verse 5
Сөйтіп, Сәмүдтықтар «Тағиямен» / шектен тыс қуатты нәрсемен / жойылды.
Ол / Аллаһ / оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол елді іші кеуек кұрма ағаштарындай құлап жатқанын көресің.
Сен олардан қалған бірер нәрсені көресің бе?
Фиръаун мен одан алдыңғылар да және асты үстіне төңкеріліп ойран болған елдер де әдейі / біле тұра / қате істеді.
Олар Раббысының Елшісіне бойсұнбады да Ол / Аллаһ / оларды өте қатты ұстаумен тұтты.
Ақиқатында, су тасыған кезде, Біз сендерді кемеге мінгіздік,
оны сендерге еске салу үшін әрі оны ұғатын құлақтардың ұғуы үшін / істедік / ?
әрі жер мен таулар көтеріліп, бір соққымен күйретілген кезде,
Verse 15
міне, сол күні Уақиъа / Қиямет / басталады.
Сондай-ақ аспан сетінеп, сол күні ол әлсіз / берік емес / күйде болады.
Әрі Періштелер оның шеттерінде болады. Сол күні олардың үстінде Раббыңның аршын сегіз / періште / көтеріп тұрады
Сол күні сендер / Аллаһтың / алдына шығарыласыңдар, сендердегі ешбір құпия жасырын қалмайды.
Міне, сонда кімнің кітабы оң жағынан берілсе: «Мінеки, менің кітабымды оқыңдар!
Анығында, мен осы Есебіме кездесетініме сенген едім», - дейді.
Verse 22
биік / Жәннат / бағында болады,
Verse 23
сондай жемістері төніп тұратын.
Оларға: «Өткен күндерде істеген амалдарың себепті рахаттана жеңдер әрі ішіңдер», - делінеді.
Ал, кімнің кітабы сол жағынан берілсе, ол: «Еһ, әттең, маған кітабым берілмесе еді!
Verse 26
Есебімнің не екенін білмесем еді!
Verse 27
Әттең, бұл / өлімім бәрін / бітіруші болғанда еді!
Verse 29
Менің билігім / күш-қуатым / жойылды», - дейді.
Verse 30
Тозақ сақшыларына бұйырылады / :«Оны ұстаңдар да бұғаулаңдар.
Verse 31
Кейін оны Жахимға салыңдар.
Содан кейін оны / денесін / ұзындығы жетпіс шынтақ шынжырдан өткізіңдер.
әрі кедей, жарлыларды тамақтандыруға үгіттемеген / өзгелерді шақырмаған / еді.
және сасық іріңнен басқа ешбір тамақ та жоқ.
Verse 37
Оны біле тұра қателескендерден / күнәһарлардан / басқа ешкім жемейді.
Verse 38
Сендердің көріп тұрғандарыңмен ант етемін!
Verse 39
Әрі көрмей тұрғандарыңмен де!
Verse 40
Ақиқатында, бұл / Құран / - ардақты бір Елшінің / Аллаһтан жеткізген / сөзі.
Әрі ол бақсы-балгердің, сәуегейдің де сөзі емес. Сендер қандай аз еске аласыңдар.
Verse 43
Бұл - әлемдердің Раббысынан түсірілген.
Егер де ол кейбір сөздерді Бізге таңса,
Verse 45
онда оны оң қолынан ұстап алатын едік,
Verse 46
кейін оның күре тамырын үзер едік.
Сонда сендерден ешкім де оны тосып қала алмас еді.
Verse 48
Әрі шын мәнінде, бүл / Құран / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін бір еске салу.
Және анығында, Біз сендердің араларыңда өтірікке шығаратындар бар екенін анық білеміз.
Verse 50
50Әрі күдіксіз, бүл күпірлік етушілер / теріске шығарушылар / үшін өкініш.
Verse 51
Және күдіксіз, ол - айқын ақиқат.
Verse 52
Ей, Мұхаммед! / Ұлы Раббыңның есімін / барлық кемшіліктен / пәк деп дәріпте!
تقدم القراءة