الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде الحاقة сүресінің аудармасы
Verse 1
ﮯ
ﮰ
Болуы анық қиямет.
Verse 2
ﮱﯓ
ﯔ
Ол, болуы анық не нәрсе?
Verse 3
ﯕﯖﯗﯘ
ﯙ
Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің?
Verse 4
ﯚﯛﯜﯝ
ﯞ
Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды.
Verse 5
ﯟﯠﯡﯢ
ﯣ
Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды.
Verse 6
ﯤﯥﯦﯧﯨﯩ
ﯪ
Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді.
Verse 7
Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің.
Verse 8
ﯼﯽﯾﯿﰀ
ﰁ
Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе?
Verse 9
ﭑﭒﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен.
Verse 10
ﭘﭙﭚﭛﭜﭝ
ﭞ
Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған.
Verse 11
Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық.
Verse 12
ﭧﭨﭩﭪﭫﭬ
ﭭ
Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық.
Verse 13
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
ﭴ
Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте,
Verse 14
ﭵﭶﭷﭸﭹﭺ
ﭻ
Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте,
Verse 15
ﭼﭽﭾ
ﭿ
Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады.
Verse 16
ﮀﮁﮂﮃﮄ
ﮅ
Сол күні, көк жарылып, босайды.
Verse 17
Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді.
Verse 18
ﮑﮒﮓﮔﮕﮖ
ﮗ
Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды.
Verse 19
Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді.
Verse 20
ﮢﮣﮤﮥﮦ
ﮧ
"Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем."
Verse 21
ﮨﮩﮪﮫ
ﮬ
Сонда ол, қуанышты тіршілікте,
Verse 22
ﮭﮮﮯ
ﮰ
Көтеріңкі жаннатта болады;
Verse 23
ﮱﯓ
ﯔ
Жемістері салбырап тұрады.
Verse 24
(Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді.)
Verse 25
Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді.
Verse 26
ﯩﯪﯫﯬ
ﯭ
"Есебімнің не екенін білмесем екен!"
Verse 27
ﯮﯯﯰ
ﯱ
"Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)"
Verse 28
ﯲﯳﯴﯵﯶ
ﯷ
"Малым, маған еш пайда бермеді."
Verse 29
ﯸﯹﯺ
ﯻ
"Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді.)
Verse 30
ﯼﯽ
ﯾ
"Оны ұстаңдар да байлаңдар."
Verse 31
ﯿﰀﰁ
ﰂ
"Сосын оны тозаққа салыңдар."
Verse 32
"Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді.)
Verse 33
ﰋﰌﰍﰎﰏﰐ
ﰑ
"Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген;"
Verse 34
ﰒﰓﰔﰕﰖ
ﰗ
"Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді."
Verse 35
ﰘﰙﰚﰛﰜ
ﰝ
Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ.
Verse 36
ﭑﭒﭓﭔﭕ
ﭖ
Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ.
Verse 37
ﭗﭘﭙﭚ
ﭛ
Оны күнәкарлар ғана жейді.
Verse 38
ﭜﭝﭞﭟ
ﭠ
Сонда көрген нәрселеріңе серт;
Verse 39
ﭡﭢﭣ
ﭤ
Және көрмеген нәрселеріңе де серт.
Verse 40
ﭥﭦﭧﭨ
ﭩ
Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.)
Verse 41
Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер.
Verse 42
Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер.
Verse 43
ﭻﭼﭽﭾ
ﭿ
Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген.
Verse 44
ﮀﮁﮂﮃﮄ
ﮅ
Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса;
Verse 45
ﮆﮇﮈ
ﮉ
Әрине оның оң жағынан қолға алар едік;
Verse 46
ﮊﮋﮌﮍ
ﮎ
Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік.)
Verse 47
ﮏﮐﮑﮒﮓﮔ
ﮕ
Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды.
Verse 48
ﮖﮗﮘ
ﮙ
Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат..
Verse 49
ﮚﮛﮜﮝﮞ
ﮟ
Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз.
Verse 50
ﮠﮡﮢﮣ
ﮤ
Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет.
Verse 51
ﮥﮦﮧ
ﮨ
Шүбәсыз ол Құран, анық шындық.
Verse 52
ﮩﮪﮫﮬ
ﮭ
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте.
تقدم القراءة