الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد кітабынан الكازاخية тілінде السجدة сүресінің аудармасы
Verse 1
ﭑ
ﭒ
Әлиф. Ләм. Мим.
Verse 2
Бұл Кітап, әлемдердің Раббы тарапынан түсірілген. Мұнда шәк жоқ.
Verse 3
Олар: "Оны өзі жасады" дей ме? Олай емес, сенен бұрын ескертуші жіберілмеген елге ескертуің үшін ол, Раббыңнан бір шындық. Әрине олар, тура жол табар.
Verse 4
Ол сондай Алла, көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды алты күнде жаратып, сосын ғаршыны көтерілді. Сондықтан сендердің Одан өзге ешбір иелерің де шапағатшыларың да жоқ, ойламайсыңдар иа?
Verse 5
Ол, көктен жерге дейін істі игереді. Сосын сендердің санауларың бойынша, мың жыл шамасындағы бір күнде Оған көтеріледі.
Verse 6
ﮝﮞﮟﮠﮡﮢ
ﮣ
Ол көместі де көрнеуді де білуші. Өте үстем, тым мейірімді.
Verse 7
Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестірді. Адам баласын жаратуды балшықтан бастайды.
Verse 8
Сосын оның нәсілін бір жайсыз судың негізінен жаратты.
Verse 9
Сосын оны бейнелеп, ішіне өз рухын үрледі. Сондай-ақ сендерге есту, көру және түсіну қабілетін берді. Аз шүкір етесіңдер.
Verse 10
Олар: "Қашан топыраққа араласып, жоғалсак, шын-ақ жаңа жаратыламыз ба?",-дөйді. Әрине олар, Раббыларына қауышуға қарсы келгендер.
Verse 11
(Мұхаммед Ғ.С.): "Сендерге уәкіл етілген өлім періштесі жандарыңды алады. Сосын Раббыларыңа қайтасыңдар" де.
Verse 12
Күнәкарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп: "Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, түзу іс қылайық. Рас нандық" дегендерін бір көрсең!
Verse 13
Егер қаласақ еді, әркімді тура жолға салар едік. Бірақ Менен: "Тозақты бүтіндей жындар, адамдармен толтырамын" деген сөз болған. (Бұлар, шайтандармен оларға ерген адамдар. 38-С. 84-85-А.)
Verse 14
"Бұгінге кездесуді ұмытудың демін татыңдар. Рас біз де сендерді ұмыттық. Істегендеріңнің салдарынан мәңгі азапты татыңдар".
Verse 15
(Сәжде аяты бар.) Шын мәнінде аяттарымызға, өздеріне үгіт берілген кезде, сәждеге жығылып; Раббыларын мақтап, пәктейді. Сондай-ақ тәкаппарланбай иман келтіреді.
Verse 16
Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан түрып,) Раббыларына қорқа-дәмете жалбарынады. Сондай-ақ олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды.
Verse 17
Ешкім қылмысы жаққандықтан өздерше көмес сақтаулы қуанышты сыйлықты білмейді.
Verse 18
Мүмін болған кісі, бұзық болған кісі сияқты бола ма? Әрине тең болмайды.
Verse 19
Өйткені иман келтіріп, ізгі іс істегендер; олардың істеген ғамалдарына жарай қонақ үй түрінде жаннаттар да орын бар.
Verse 20
Ал енді бұзақылардың орны тозақ. Әрқашан олар одан шығуды қаласа, оған қайтарылады да: "Өздерің жасынға шығарған оттың азабын татыңдар" делінеді.
Verse 21
Әрине оларға зор азаптан бері дүниенің азабын татырамыз. Мүмкін олар райдан қайтар.
Verse 22
Раббыңның аяттары арқылы үгіт берілгеннен кейін олардан бет бұрғаннан кім залымырақ? Әрине күнәкарлардан кек аламыз.
Verse 23
(Мұхаммед Ғ.С.) әрине Мұса (Ғ.С.) ға Кітап берген едік. Енді сен де оған қауышудан күдіктенбе... Оны Израил ұрпақтарына тура жол қылдық.
Verse 24
Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызга нақ сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік.
Verse 25
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың қиямет күні, олар қайшылыққа түскен нәрселер жайында араларына шешім жасайды.
Verse 26
Бұлардан бұрын, қаншалаған нәсілдерді жоқ еттік. Бұлардың, олардың жұрттарында жүріп жүргендігі бұларға жол көрсетпей ме? Расында мұнда ғибраттар бар. Сонда да тыңдамай ма?
Verse 27
Олар көрмей ме? Рас суды, шөл жерге апарамыз да ол арқылы малдары әрі өздері жейтін өнім шығарамыз. Олар сонда да көрмей ме?
Verse 28
Олар: "Егер шыншыл болсаңдар, бұл шешім қашан болады?",- дейді.
Verse 29
"Шешім күні, кәпірлерге имандары пайда бермейді әрі оларға мұрса да берілмейді" де.
Verse 30
ﯯﯰﯱﯲﯳ
ﯴ
Енді олардан бет бұр да күт! Расында олар да тосуда.
تقدم القراءة